24 қаңтар күні облыстық кітапханада қазақ әдебиетінде алғаш болып тарихи тақырыпқа қалам тербеген, қазақтың көрнекті жазушысы Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл толуына орай «Ілияс Есенберлин-тарихымыздың жиһангері» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.Мақсаты – оқырмандарды жазушының өмірі мен шығармашылығы жайлы таныстыру, қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасу жолындағы күресін бейнелеген рухани мұрасын, тамаша қайталанбас туындылары арқылы қазақ әдебиетіне қосқан баға жетпес үлесін насихаттау.Шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің тарих пәнінің оқытушысы А.Әзірбекова, «Qazbilim QyzyIorda» ұлттық лицейінің мұғалімі Б.Лесханқызы, Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектебінің мұғалімі И.Сахиева, І.Қабылов атындағы №12 IT мектеп-лицейінің мұғалімі К.Бекназарова мен жоғары сынып оқушылары қатысты.Кеш қонақтары қазақ халқының сан ғасырғы тарихын көркем тілмен бейнелеп, қазақ елінің әдебиеті мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан жазушының өмірі мен шығармашылығы, ұлттық әдебиетке қосқан үлесі туралы сөз қозғап, «Көшпенділер» мен «Ғашықтар» романдарын жан-жақты талқылады. Сонымен қатар оқырмандар жазушының өлеңдерін оқыды.Оқырмандар назарына «Тарихты тірілткен қаламгер» атты кітап көрмесі ұсынылды.


