«Қазақ елі - Мәңгілік ел» атты ғылыми – танымдық конференциясы

     2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Еліміз Қазақ хандығының - 550 жылдығын тойлағалы отыр.

     Осыған орай Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Қазақ елі - Мәңгілік ел» атты ғылыми - танымдық конференция ұйымдастырды.

     Конференцияға «Парасат» орденің иегері, жазушы-эколог С.Жұбатыров, «Әлімсақ» журналының редакторы, журналист –Н.Нұрмахан, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғалымдары: Н.Мыңжас У. Ибраев, Б. Ахметбек, заң ғылымдарының кандидаты Е. Алтаев және кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.

     Мәдени шараға келген қатысушылар Қазақ хандығының төрт ғасырлық шежіресінің елеулі кезеңдерінен сыр шертті. Ғалымдар тақырыпқа байланысты баяндама жасады.

     Н. Мыңжас өз баяндамасында Елбасының мұрындық болуымен үлкен ұлттық идеяға айналып отырған «Мәңгілік ел» концепциясының философиялық - құқықтық, тарихи аспектілерін терең талдап берді.

Шараға жиналған жас оқырмандар сұрақтар қойып, тарихи құндылығы мол мәліметтер алды. Көпшілік назарына төрт бөлімнен тұратын экспозициялық - кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық жолу жасалды.



03 наурыз 2015 ж. 11:34
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: