«Сыбайлас жемқорлықпен күресу –баршамыздың міндетіміз»

    Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті бірлесіп «Сыбайлас жемқорлықпен күресу –баршамыздың міндетіміз» тақырыбында танымдық шара ұйымдастырды.

    Шараның мақсаты: Сыбайлас жемқорлықтың өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі екенін және экономикалық заңдардың еркін әрекетін біршама деңгейде шектеп, еліміздің әлемдік қоғамдастық алдындағы беделін төмендететінін атап көрсету. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауаттылығы деңгейі мен сапасын арттыру, маңыздылығын түсіндіру.

    Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Парақорлық, сыбайлас жемқорлық жайлаған елде әділетсіздік, имансыздық, қызғаныш қаулап тамыр жаяды. Сыбайлас жемқорлықпен күресті ешкімнің бет шырайына, лауазымына, шен-шекпеніне қарамай жүргізу керек» - деген.

Елімізде қоғамның індетіне айналған сыбайлас жемқорлықтың түбіне балта шабу жолында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Осының айғағы бүгінгі өткізіліп отырған шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикасы басқармасының басшысы Байхожаев Берікбол Ұзақұлы қатысып мекеме қызметінің ашықтығы, жариялылығы туралы мәліметтер айтты. Шара барысында оқырмандар сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастарға «үндеу» тастады, сыбайлас жемқорлықтың пайда болу тарихына шолу жасалынды.

   «Сыбайлас жемқорлықпен күресу – баршамыздың міндетіміз» тақырыбында танымдық шара ұйымдастырылды.

   Кітап көрмесінің мақсаты: Сыбайлас жемқорлықтың өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі екенін және экономикалық заңдардың еркін әрекетін біршама деңгейде шектеп, еліміздің әлемдік қоғамдастық алдындағы беделін төмендететінін атап көрсету. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауаттылығы деңгейі мен сапасын арттыру маңыздылығын түсіндіру.

    Көрме 2 бөлімнен тұрады.

Бірінші «Сыбайлас жемқорлық- қоғам дерті»

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамалары мен кітаптары, журналдары қойылған.

Төмендегідей кітаптармен толықтырылды.

1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес проблемалары

2.Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет

3.Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік қызмет

4. Сыбайлас жемқорлықпен күресу

5.Комментарий и постатейные материалы к Закону Республики Казахстан «О борьбе с коррупцией»

Екінші бөлімнің атауы: «Жемқорлыққа жол жоқ»

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы жасалған алдын алу шараларына бағытталған мерзімді басылымдарда жазылған мақалалар қойылған.

1.Заң және заман

2.Ақиқат

3.Фемида

4.Бюллетень Верховного суда Республики Казахстан.


 

 


 


14 мамыр 2015 ж. 17:42
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: