ИРАН-ҒАЙЫП 1947 жылы 7 маусымда Қызылорда облысы, Сырдария ауданында
туған. Қазақ политехникалық институтының тау-кен факультетін (1970), Мәскеудегі
М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы жоғары әдеби курсты бітірген
(1980). Әр жылдары Қызылорда облысы «Білім» қоғамында референт, «Жазушы»
баспасында редактор, «Қазақ әдебиеті» газеті редакциясында поэзия бөлімінің
меңгерушісі, ҚР Білім, мәдениет комитетінің редакциялық-репертуарлық
коллегиясының бас редакторы қызметтерін атқарды. 1998 жылдан Қазақтың мемлекеттік Ғ.Мүсірепов атындағы Жастар мен балалар театрының әдебиет бөлімін
басқарды.
Алғашқы «Жүрек жырлайды» атты жыр жинағы 1974 жылы жарық көрді. Кейін қазақ халқының драмалық- поэзия қорына рухани асыл қазына болып қосылған «Тың құрбаны», «Хайуандық комедия», «Күшігінен таланған», «Мен ішпеген у бар ма?», «Батқан кеменің бейбақтары», «Желжуан», «Құдай қарғағандар», «Жамбылдың қызыл жолбарысы», «Негізгі шаруа», «Қанына тартқан қыңырлар», «Алтын адам», «Алтын ажал», «Киелі күнә», «Хан–Абылай–Сабалақ», «Жәбек-шаған», «Гүл-Нәр», «Театр Романы», «Қорқыттың көрі», «Мауглидің оралуы», «Махамбет», «Қашғария», «Былыққа батқан қала», «Керкеткен» атты драмалық дастандарын жазды. Ақынның «Глаза ночи» (1983), «Царь слова»(1984), «Наследник» (1988) атты кітаптары орыс тілінде жарық көрді. 1990 жылы үш томдық, ал 2006 жылы 13 томдық таңдамалы жыр жинағы жарық көрді. 2002 жылы «Қорқыттың көрі» атты жыр кітабы үшін ҚР Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты атанды. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш өткен
жазба ақындар жыр-мүшәйрасының бас жүлдегері.
Əдебиеттер:
Оразбаев И. Батқан кеменің бейбақтары / И.Оразбаев. - Алматы: Жазушы, 1990.- 200 бет. Оразбаев И.Дүние жарық: Жыр кітабы. – Алматы: Жалын, 1987. – 160 б.Оразбаев И. Жүрек жырлайды: Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 1974. – 39 б. Оразбаев И. Жыр əлемі / И.Оразбаев.- Алматы:Атамұра, 1996.- 352 бет. Оразбаев И. Иран бағы / И.Оразбаев.- Алматы:Жалын, 1995.- 304 бет. Оразбаев И. Мұнар, мұнар, мұнарым / И.Оразбаев.- Алматы: Рауан, 1992.- 104 бет. Оразбаев И. Сөз патшалығы / И.Оразбаев.- Алматы: Жазушы, 1996.- 384 бет. Оразбаев И. Сұлулық сарасы / И.Оразбаев.-Алматы: Жазушы, 1985.- 152 бет. Оразбаев И.Сұлулықпен сырласу: Жыр кітабы. – Алматы: Жазушы, 1980. – 103 б. Оразбаев И.Түннің көзі: Поэмалар мен өлеңдер. – Алматы:Жалын, 1979. – 87 б.Иран-Ғайып. Он үштомдық таңдамалы/ Иран-Ғайып.- Алматы, 2006 – Иран-Ғайып.Шығармалары: Үш томдық. – Астана: Фолиант, 2009. – (Сырдария кітапханасы) Иран-Ғайып, Оразбаев Иранбек Əбітайұлы //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық - Алматы: «Аруна», 2005.- 250 б. Иран-Ғайып, Оразбаев ИранбекƏбітайұлы //Қазақстан. Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Ə.Нысанбаев. – Алматы, 2002. – Т.4. – 310 б. Иран-Ғайып //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 189 б. Иран-Ғайып //Қазақстан жазушылары :XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 149-150 б. Иран-Ғайып //Иманғалиев С., Қыстаубаева З. Қызылорда көшелері. – Алматы,2009. – 158 б. Иран-Ғайып // Сырелі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы, 2005. – 254-255 бет. Иран-Ғайып Оразбаев //Сырдария /Құраст. Б.Кəрібозұлы,А.Əбілов, Н.Мыңжасов, С.Тайман, Ғ.Тұяқбаев. – Астана: Фолиант, 2011.– 221 б.- (МеніңОтаным – Қазақстан) Иран Ғайып //Сырдария (Тереңөзек)ауданы: Шежіре /Құраст. Т.Дайрабай. – Алматы: Арыс, 2009. – 131 б. Байдрахманұлы Д. Иранбек Əбітайұлы Оразбаев: Өлең //Байдрахманұлы Д. Тұлпар тілек.Екі томдық. – Алматы, 2006. – 1-кітап: Отан деп соққан жүректер. – 193 б. Кіребайұлы А. Таланттан тақ мінген ақын: Ақын Иран-Ғайып туралы //Кіребайұлы А. Шығармалары.-Астана, 2009.- 129 -140 б. Рахымбекұлы Ə. Иранбекке:Өлең //Рахымбекұлы Ə. Ғұмырдария:Жыр кітабы. – Астана: Фолиант, 2008. – 397-398 б. - («Сырдария кітапханасы») Сарбалаев Б. Отыз бесінші жаз: Ақын Иранбек Оразбаевтың "Өмір-Өлең" атты жыр кітабы жайлы // Сарбалаев Б. Көккесене.- Астана, 2009.- 174 -192 б. Аханбайқызы А.Тыныштықты тiлiп түскен таныс дауыс... Риза еместiгiн бiлдiрген реплика...: Ақын Иран-Ғайып туралы // Жас Алаш.- 2003.- 24 сəуiр(N 49).- 3б. Ахмадиев Ж. Мұнар, мұнар, мұнарым...: [Ақын И.Оразбаевтың шығармалары туралы] // Халық кеңесi.- 1994. -26 шiлде Аяшұлы Д. Ақын елдің, ел ақынның мерейін көтерді: "Иран-Ғайып-60 " театрлар фестивалі қорытындыланды / Д.Аяшұлы. // Сыр бойы.- 2007.-17 қараша Аяшұлы Д. Қазақтың Иран-Ғайыбы: Ақын, драматург Иран Ғайып (Иранбек Оразбаев) 60 жаста / Д.Аяшұлы // Сыр бойы.- 2007. -16 қараша Аяшұлы Д. Текті тін: Иран-Ғайып- 60 жаста. Өлең / Д.Аяшұлы // Сыр бойы.- 2007.- 14 қараша Əлiм А. Иранбек - Абай емес...: Өлең // Қазақ əдебиетi.- 2000.- 5 мамыр (N18).- 12 б. Əскербекқызы Ж. Үні дара ақын: Иран-Ғайыптың "Қорқыттың көрі " атты жыр кітабы туралы / Ж.Əскербекқызы. // Егемен Қазақстан.- 2002.- 22 қараша Əшімханұлы Д. Ажалдың да адамға берері бар: Иран-Ғайыптың "Қорқыттың көрі" драмасы Ғ.Мүсірепов атын. акад. жастар мен балалар театрында / Д.Əшімханұлы. // Түркістан.- 2002.- 4 көкек Əшiмов А. Тағдыр тəлкегi : Иран-Ғайыптың драмалық дастандары хақында // Сыр бойы.- 2007. - 6 қазан. - 3 б. Əшімханұлы Д. Ажалдың да адамға берері көп: Иран-Ғайыптың "Қорқыттың көрі" драмасы Ғ.Місірепов атындағы жастар мен балалар театрында / Д.Əшімханұлы. // Түркістан.- 2002. - 4 көкек. Беркінбаев Д. "Тұрмағамбет" қойылымы көрерменімен қауышты: Н.Бекежанов атындағы облыстық-музыкалық театрында И.Оразбаевтың "Тұрмағамбет" пьесасының қойылымы болды / Д.Беркінбаев // Сыр бойы.- 2009.- 24 қазан Дүтбаева Н. "Бiтiспес жау - шындық пен өтiрiк": Иран-Ғайыптың "Мен келемiн..." пьесасының премьерасы өттi // Қазақ əдебиетi.- 2005. - 24-30 маусым (N 25). - 12 б. Жайлыбай Ғ. Ақындық əлем арда өлең: /Ақын,драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Иранбек Оразбаев60 жаста /Ғ.Жайлыбай // Сыр бойы.- 2007. - 2 қараша. – 3 б. Жайлыбай Ғ. Ақындық əлем, арда өлең: Ақын Иранбек Оразбаев 60 жаста // Жұлдыз.- 2007.- N 6.- 103-108 б. Жайлыбай Ғ. Бір ақын бар: Иранбек Оразбаевқа арналған өлең / Ғ.Жайлыбай. // Сыр бойы.- 2007.- 14 қараша. – 3 б. Иран-Ғайып. "Ал,дүние....": Ақын,драматург Иран-Ғайып 70 жаста /Сұхбатжүргізген Б.Əшірбаев // Қазақ əдебиеті.- 2007.-20 сəуір Иран-Ғайып Алпыс деген əртіс деген секілді көрінеді маған.Не жастың не кəрінің қатарында емеспін:Ақын Иран-Ғайыппен сұхбат /сұхб.Ұ.Айтөлен // Айқын.- 2007. – 9 маусым Иран-Ғайып. Бұ дүниеғайыбы: Ақын И.Оразбаевпен əңгіме / Əңг. Г.Бектасова // Түркістан.- 2004.- 15сəуір Иран-Ғайып - 65: өлең //Қазақ əдебиетi.- 2012. - 31 тамыз - 6 қыркүйек (№36). - 1 б. Иран Ғайыптың он үш томнан тұратын таңдамалар жинағы жарық көрдi // Алматы ақшамы.- 2006. - 2 қыркүйек (N102). - 15 б. Иран-Ғайыптың он үш томдық таңдамалысы: Ақын-драматург Иран-Ғайыптың шығармаларының он үш томлық таңдамалысы туралы // Қазақ əдебиетi.- 2006. - 1-7 қыркүйек (N35).- 12 б. Исəдiл А.Имани жырлар иесi : Ақын Иран Ғайып (Иранбек) Оразбаевтың шығармашылығы жайында //Алаш айнасы.- 2011. - 7 маусым (№97). - 5 б. Кекiлбаев Ə. Асқар биiк əлi алда: [Ақын И.Оразбаетың творчествосыжайлы] // Жалын.- 1987.- N 5.- 98-101 б. Кеңшілікұлы А. Сөз патшасы:Ақын Иран-Ғайып 60 //Сыр бойы. – 2007. – 26,28 қырк.Кіребайұлы А. Таланттан алтын тақ мінген ақын: Ақын, драматург Иранбек Оразбаев - 60 жаста /А.Кіребайұлы // Сыр бойы.- 2007. - 14 қараша. – 3 б. Кіребайұлы А. Таланттан тақ мінген: Иран-Ғайып-60 жаста / А.Кіребайұлы // Қазақ əдебиеті.- 2008.-18 қаңтар.-10-11 б. Қайран Ə. "Ал, дүние!..": [Ақын Иран-Ғайыптың шығармашылығы туралы] // Қазақ əдебиетi.- 1998.- 10 шiлде (N27).- 11-16 б. Құрманғали Қ. Абай жолы: Ақын И.Оразбаевтың шығармашылығы туралы // Егемен Қазақстан.- 2011.- 28 желтоқсан.- 15 б. Құттыбаев Е. Тереңдегі тамыр: Ақын Иранбек Оразбаев туралы / Е.Құттыбаев //Сыр бойы.- 2007.-18 мамыр Қырғызбай Ө. Шекспир дəстүрiн қазақ топырағында жаңғыртқан ақын: Ұлттық кiтапханада Иран-Ғайыптың "Полиграф-сервис" баспасынан жарық көрген 3 томдық таңдамалысының тұсау кесер рəсiмi болды // Алматы ақшамы.- 2006. - 9 қараша.- 11 б. Мемлекеттік стипендия иегерлері: 50 əдебиет жəне өнер қайраткерлеріне мəдениет саласындағы мемлекеттік стипендиялар берілді. Тізім // Егемен Қазақстан.- 2009. - 10 қаңтар Мыңжасарқызы Д. Бiр-ақ рет қойылған "Бөшке": Академиялық драма театрында Иран-Ғайып пьесасы қойылды // Түркiстан.- 2006. - 2 наурыз (N 9).- 8 б. Н.Бекежанов атындағы драма театрда ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын- драматург Иран-Ғайыптың 60 жасқа толуына арналған театрлар фестиваліөткізіледі //Сыр бойы.- 2007.-14 қараша Нұрбекова Г. Иран-Ғайып шығармаларындағы замана шындығы // Iзденiс. Гуманитарлық ғылымдар сериясы = Поиск. Серия гуманитарных наук.- 2012. - № 2. - 111- 115 б. Омарова С. Ақын үні: Белгілі ақын Иран-Ғайыптың өлеңдері туралы / С.Омарова // Ақиқат.- 2005.- N6.- 95-96б. Райымбекұлы М. "Қорқыттың көрі...": Иран-Ғайыптың "Қорқыттың көрі " атты жыр кітабы туралы / М.Райымбекұлы // Жас Алаш.- 2002.- 29 тамыз Сахнада Жалаңтөс Баһадүр: Н.Бекежанов атындағы театрдаИ.Оразбаевтың "Жалаңтөс Бахадүр"атты драмасы қойылды // Сыр бойы.- 2006. - 5 желтоқсан Сматаев С. (Софыян). Қара жерге қарсы қойма аспанды: Иран-Ғайыптың толғауына қолдау Һəм пікір жалғау. Толғау-серт // Жас Алаш.- 2009. - 13 мамыр Сүйеніш Қ. Сауға ма, əлде сауда ма?... Інім Иранғайыпқа ашық хат: "Меніңкі не талтаң" "ҚƏ",№1.-7қаңтар.-1998 ж. / Қ.Сүйеніш //Қазақ əдебиеті.- 1998.- 3 ақпан (№5).- 12-13 бет Сығай Ə. Қобыз зары жəне шиеберідей шулаған қалта телефондары: Иран- Ғайыптың "Қорқыттың көрі" драмасы Ғ.Мүсірепов атын. акад. жастар мен балалар театрында / Ə.Сығай // Қазақ əдебиеті.- 2002.- 15 ақпан Төлеубаев Е. Иран-Ғайып: Иранбек Оразбаевтың 60 жылдығына арналған мақала / Е.Төлеубаев //Сыр бойы.- 2007.-14 қараша. – 3 б. Тұрғынбекұлы С. Алдаспан ақын: [Ақын И.Оразбаев туралы] // Егемен Қазақстан.- 1997. - 7 маусым Тілеубаева Г. Иран-Ғайыптың сыршылдық сипаты / Г.Тілеубаева // Сырдария.- 2011. - №2. - 3 - 13 б. Хангелдин С. Ақын жəне қоғам: Иран-Ғайып шығармашылығы жөнiнде əн қанатында туған толғау // Түркiстан.- 2007.- 4 мамыр (N18).- 5 б. Шығармашылығына арналды: Ə.Тəжібаев атындағы обл. кітапханада Иран-Ғайыптың шығармашылығына арналған "Тебіренісі терең, толғанысы асқақ ақын" атты əдеби-сазды кеш өтті // Сыр бойы.- 2007.-18 мамыр
|