ҚҰТТЫҚОВ МЕШІТБАЙ

     1934 жылы 15 мамырда Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бозкөл ауылында туған. 1955 жылы Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітірген. 1958 жылы әскер қатарынан оралған бойда ішкі істер саласына жұмысқа орналасып, ұзақ жылдар Қазалы, Арал аудандық Мемлекеттік автоинспекциясының бастығы қызметтерін атқарған. 1987 жылы милиция майоры дәрежесінде зейнетке шыққан соң «Қазақ тілі» қоғамының Арал аудандық бөлімшесі төрағасының орынбасары болып жұмыс жасады. 
    Тұңғыш өлеңдері 1948 жылы баспасөз бетінде жариялана бастаған. 1978 жылы Жазушылар одағының мүшелігіне қабылданған. «Құс жолы», «Ар-намыс», Мазасыз түндер», «Сонар» жыр кітаптары мен «Аяқталмаған ән» атты повестер, әңгімелер жинағы шыққан. «Айқас» атты поэмасы 1971 жылы республикалық әдеби шығармаларға жарияланған конкурста бірінші жүлде алды. КСРО медальдарымен марапатталған.
 
 

Əдебиеттер:


 Құттықұлы М. Арал аспаны: Өлеңдер мен поэмалар. – Алматы: Өлке, 1997. – 304 б. Құттықов М. Аяқталмаған əн / М.Құттықов. - Алматы: Жалын, 1979.- 104 бет.

 Құттықов М. Қайырлы түн: Өлеңдер мен поэма. – Алматы: Жазушы, 1975. – 56 б. Құттықов М. Сапар: Өлеңдер мен поэмалар / М.Құттықов. - Алматы: Жазушы, 1982.- 96 бет.

  Құттықов М. Шығармалары: Өлеңдер, дастандар мен жыр-толғаулар / М.Құттықов.

- Астана: Фолиант, 2009. - 312 б. - (Сырдария кітапханасы)

  Құттықов Мешітбай: [Өмірбаяны] //Жүректегі жауһарлар: Сыр елі ақын- жазушылары шығармаларының жинағы. – Қызылорда: Алтын Орда, 2001. – 14 б.

  Құттықов Мешітбай //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық - Алматы: «Аруна», 2005.- 344 б

  Құттықов Мешітбай //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 249 б.

  Құттықов Мешітбай //Қазақстан жазушылары : XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 196 б.

  Құттықов Мешітбай //Советтік Қазақстан жазушылары: Био-библиографиялық анықтамалық. – Алматы: Жазушы, 1987. – 367 б.

  Құттықов Мешітбай //Сыр Елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2005. – 334-335 б.

  Құттықов Мешітбай //Тамыры терең, тарихы кенен – Қазалы. – Алматы: Телеарна, 2008. – 210 б.

  Сəдібекұлы А. Аралын ардақтаған ақын //Сəдібекұлы А. Дарияның тұмасынан жыр боратқан. – Алматы:Аrna-b, 2012. – 92-96 б.

 Ақын Мешiтбай Құттықов 60 жаста: [Ақынды Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының секретариатының құттықтауы] // Қазақ əдебиетi.- 1994. -27 мамыр.- 15 б.

  Əбдіхалықова Л. Ұрпаққа ұлағат: Ақын Мешітбай Құттықов туралы / Л.Əбдіхалықова // Сыр ардагері.- 2012. - 6 маусым. - 3 б.

  Бекбергенова Р. М.Құттықовтың «Сапар» өлеңдер мен поэмалар жинағы жайлы //Ленин жолы. – 1983. – 17 март

  Ержігітқызы Қ. Ақын рухын ардақтаған: Мешітбай Құттықов туралы //Қ.Ержігітқызы // Толқын. - 2010. - 5 маусым

  Қазиқызы Н. Ақын ескерткіші - еліне мұра: Арал қаласында ақын Мешітбай Құттықовқа ескерткіш орнатылды / Н.Қазиқызы. // Халық.- 2009.-30 шілде.-4 б.

 Құттықов Мешітбай : Қазанама //Қазақ əдебиеті. – 2001. – 4 мамыр (№18). – 12 б. Құттықов Н. Сағыныш: Ақын Мешітбай Құттықов туралы / Н.Құттықов //Толқын. - 2007. - 5 мамыр

  Мəуленов С. Сапар самалы: М.Құттықовтың «Сапар» өлеңдер жинағы жайлы //Ленин жолы. – 1983. – 20 май

  Омарова Г. Арал, қайдасың?: Мешітбай Құттықұлының "Қайдасың, Арал?..." роман- хикаясы туралы / Г.Омарова // Түркістан. - 2005.- 10 ақпан (N6).- 8б.

  Оспанов С. Жаны жомарт жақсы аға //Қазақ əдебиеті. – 1994. – 27 мамыр. – 15 б. Сəдібекұлы А. Аралын ардақтаған ақын //Сыр бойы. – 1994. – 12 қараша

  Үсенов Б. Ерекше күндер: Ақын Мешітбай Құттықов туралы / Б.Үсенов //Толқын. - 2010. - 19 мамыр


23 сәуір 2015 ж. 10:04
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: