МАҚАШЕВА СОФИЯ ӨТЕГЕНҚЫЗЫ
1948 жылы Шиелі аудандық денсаулық сақтау бөлімін, одан соң Сырдария аудандық денсаулық сақтау бөлімін басқарды, Қызылорда қаласындағы фельдшерлер мектебінің директоры болып, қосымша облыстық ауруханада акушер-гинеколог міндетін атқарды. 1952 жылы облыстық денсаулық сақтау меңгерушісі қызметінде С.Ө.Мақашева отыз жыл қажырлы жұмыс істеді. Бірнеше ордендермен және көптеген медальдармен марапатталған. "Республикаға еңбегі сіңген дәрігер" атағы берілді. 2000 жылдың 5 сәуірінде "Қызылорда қаласының құрметті азаматы" атағы берілді. |