МАҚАШЕВА СОФИЯ ӨТЕГЕНҚЫЗЫ

  София Өтегенқызы Мақашева 1923 жылы Қызылорда қаласында туған. Мектепті жақсы бітірген С.Ө.Мақашева 1940 жылы Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік медициналық институтына оқуға түседі. Екі жыл оқып соғыс басталғасын оқуына үзіліс жасауына тура келді. Қызылорда қаласындағы ішкі істер бөлімі жүйесінің қалалық бөлімшесінде төлқұжат тіркеуші болды. Кейін сала бойынша қысқа курсты тамамдаған ол төлқұжат бөлімінің бастығы етіп тағайындалады, қалалық комсомол ұйымының хатшысы болып абыройлы қызмет етеді. Соғыстан кейін Душанбе медициналық институтында оқуын жалғастырады.

1948 жылы Шиелі аудандық денсаулық сақтау бөлімін, одан соң Сырдария аудандық денсаулық сақтау бөлімін басқарды, Қызылорда қаласындағы фельдшерлер мектебінің директоры болып, қосымша облыстық ауруханада акушер-гинеколог міндетін атқарды.

    1952 жылы облыстық денсаулық сақтау меңгерушісі қызметінде С.Ө.Мақашева отыз жыл қажырлы жұмыс істеді.

    Бірнеше ордендермен және көптеген медальдармен марапатталған. "Республикаға еңбегі сіңген дәрігер" атағы берілді. 2000 жылдың 5 сәуірінде "Қызылорда қаласының құрметті азаматы" атағы берілді.

08 мамыр 2015 ж. 17:16
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: