Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары кітапхана жұмысымен танысты2019 жылдың 7-ші ақпан күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Н.О.Дулатбеков, Б.Б.Мамраев, Б.М.Мәкен, К.И.Мұсырман «Қазақстан кітапханалары» партиялық жобасы аясында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында болып, кітапхана жұмысымен танысты. Қонақтар Қ.Мұхамеджановтың жеке кітапханасымен, «Шаңырақ» интеллект-орталығымен, «Book-кафе», IT-парк және коворкинг орталықтың жұмысымен танысты. Коворкинг орталықта «Жастар жылына» орай облыс жастарымен кездесті. Қазақстан Республикасы Парламенті депутаты Н.Дулатбеков кітапханаға «Қаз дауысты Қазбек би», «Бұқар жырау» және «Сәкен Сейфуллин» энциклопедияларын тарту етті. |
Гости5
Роботы16
Список пользователей
bolgupittay517
Был(a) в сети 5 часов назад
Кітапхана тарихы
Кітапхана алғаш рет 1867 жылы Перовск қаласында (қазіргі Қызылорда) Ақмешіт уезінің әскери бекінісінің халқы үшін ашылды. Кітапхана Ресейдің қалаларынан революциялық қозғалысқа қатысқаны үшін патша үкіметінен жер аударылған озық прогрессивті ойлы адамдармен ұйымдастырылды. Кітапхана...
Толығырақ