БАЙДІРАХМАН ДӘУЛЕТБЕК

     Қазақстан Журналистер және Жазушылар одағының мүшесі Дәулетбек Байдрахманұлы 1946 жылы наурыз айының 10 жұлдызында Қызылорда облысы, Шиелі ауданы қазіргі Досбол ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1964 жылы бүгінгі Ы.Жақаев ауылында №2 өндірістік бригадасында күріш сушысы болудан бастаған. 1969 жылы Қызылорда қаласындағы қазіргі Қорқыт ата университетінің филология факультетін тәмамдады. Институт қабырғасында жүріп еркін күрестен «КСРО спорт шебері» атағын қорғады.

     Қазақстандық миллиардқа үлес қосу мақсатында комбайн штурвалына отырып, 250 центнер астық бастырып, қомақты үлес қосқаны үшін Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Осы жылдары Шиелі, Жаңақорған ауданаралық ұйымдасқан ақындар айтысына қатысып, бас бәйгені алды. Ы.Жақаев атындағы «Мамандығым – мақтанышым» атты облысаралық ақындар айтысында тағы да бас жүлдені иеленіп, Ыбырай ақсақал өз қолынан табыс етті.

     Көп жылдар бойы мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берді. Мектеп қабырғасында жемісті еңбек етіп, Ы.Алтынсарин атындағы институттың Құрмет грамотасы, облыстық білім басқармасының бірнеше Құрмет грамотасын алды. Одан кейін 16 жыл бойы «Алматы» ауылының әкімі, 2003 жылдан бері Шиелі аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары болды.

     Ақын Дәулетбек Байдрахманұлы оқырманға «Қайсар қыз» (1971), «Топ жарған» (1985) поэмалары арқылы таныс. Бұл поэманың бірі – Социалистік Еңбек Ері Жадыра Таспанбетова жайлы болса, екіншісі – Жалағаш ауданының білікті диқан қызы Айнаш Балғабаеваның еңбек жолын дәріптейді. «Сүрмерген» атты поэмасы Ленинград шайқасына бастан-аяқ қатысып, 172 жауды жусатып, ерен ерліктің үлгісін көрсеткен мерген жерлесі Дүйсенбай Шыныбеков туралы.

     Тұңғыш өлеңдер жинағы «Гүлім болсын ұсынған» 1988 жылы басылып шыққан. Ақынның қаламынан туған «Жүректегі жауһарлар» (2001), «Отан деп соққан жүректер» (2006), «Алдаспан» (2007), «Жырдастан» (2008), «Шиелі жұлдыздары» (2009) сияқты жыр жинақтары оқырман қауым мен сыншылардан лайықты бағасын алған.

     Соңғы кітаптары «Елінің ері» (2010), «Елін сүйген Әбдіманап» (2011) атты очерк-естеліктерін Бақыт Сарбалаұлымен бірігіп жазған.

Ақын, журналист, жазушы Дәулетбек Байдрахманұлы 2011 жылғы 19 қыркүйек күні дүниеден озды.

 

Əдебиеттер:

  Байдрахманұлы Д. Жырдастан: Өлеңдер, толғаулар, дастандар мен айтыстар / Д.Байдрахманұлы; Жауапты ред. Б.Кəрібозұлы.- Астана: Фолиант, 2009.- 448 б.- (Сырдария кітапханасы)

   Байдрахманұлы Д. Тұлпар тілек: Екі томдық. – Алматы: Жедел басу баспаханасы, 2006. – 384 б.

* * *

  Байдрахманұлы Дəулетбек: [Өмірбаяны] //Жүректегі жауһарлар. Сыр елі ақын-жазушылары шығармаларының жинағы / Құраст.К.Сағымбайұлы – Қызылорда: Алтын Орда, 2001. – 260 б.

   Байдрахманұлы Дəулетбек //Ата мекен: (Шиелі өңірінің шежіресі) /Құраст. М.Аяпұлы,Н.Қасымұлы. – Алматы: Қайнар, 1998. – 170-171 б.

   Елтай Н.Жыр төккен жомарт жүректен: Ақын Д.Байдрахманов туралы //Таңдамалы топтама – 2009 (шілде-желтоқсан). – Қызылорда: Игілік,2009. – 286-289б.

   Абдирова Г. Есімі көңіл төрінде..: Ақын Дəулетбек Байдрахманұлы туралы /Г.Абдирова //Өскен өңір.- 2012. - 7 қараша. - 3 б.

   Ақынның жаңа жыр жинағы: Оқшы ата зиратына орналасқан Жеті ата кесенесі туралы жəне əділет генералы Бекзатхан Асқаровтың рухына арналған ақын Дəулетбек Байдрахманұлының "Алдаспан" атты жыр жинағы жарық көрді // Өскен өңір. - 2007.-16 тамыз

   Алпыс асу: Ақын Дəулетбек Байдрахманұлы 60 жаста// Қазақ Елі.-2006.- 22 наурыз Батырбеков А. Айтулы ақын ардақталды: Ақын Дəулетбек Байдрахманұлын еске алу кеші жайында / А. Батырбеков //Өскен өңір.- 2012. - 26 қыркүйек. - 1 б.

   Дəулетбек Байдрахманұлы: Ақын, журналист, жазушы Дəулетбек Байдрахманұлы 65 жасқа қараған шағында дүниеден озды (Қазанама) //Сыр бойы. - 2011. – 20 қыркүйек. - 3 б.

   Дəулетбек Байдрахманұлы: Қазанама // Қазақ əдебиеті. - 2011. – 23-29 қыркүйек (№38). - 11 б.

   Елтай Н. Жыр төккен жомарт жүректен: Ақын Д.Байдрахманов туралы / Н.Елтай // Сыр бойы.- 2009. -11 қараша

   Елубаев Е. Бес қаламгер одаққа мүшелікке өтті: Қазақстан Жазушылар одағына мүшелікке қабылданған қаламгерлер Д.Беркінбаев, Н.Рахметова, Б.Абызов,Н.Елтай, Д.Байдрахман, Ə.Мейірбеков / Е.Елубаев // Ақмешіт ақшамы. - 2010. - 15 қазан

  Ергешбайұлы А. Руханият əлемінің өкілдері Қазақстан Жазушылар одағына мүшелікке өтті: Н.Рахметова, Б.Абызов, Д.Аяшұлы, Ə.Мейірбеков, Д.Байдрахманов, Н.Елтай / А.Ергешбайұлы //Ақмешіт апталығы.- 2010.-7 қазан

   Жəленова Қ. Қайран, ақын!: Ақын Дəулетбек Байдрахманға арналған өлең /Қ.Жəленова //Сыр бойы.- 2012. - 22 қыркүйек. - 15 б.

   Қалтаева Б. Көзден кетсең де, көңілдесің, Дəулетбек!: Ақын, журналист, жазушы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Дəулетбек Байдрахманұлын еске алу / Б.Қалтаева //Өскен өңір.- 2012. - 15 тамыз. - 4 б.

  Мəуияұлы Р. Отан деп соққан жүрегі: Ақын Дəулетбек Байдрахманұлы жайлы естелік / Р. Мəуияұлы //Сыр бойы.- 2012. - 20 қыркүйек. - 7 б.

   Садық О. Табиғаты бөлек тұлға: Ақиық ақын Дəулетбек Байдырахманұлы жайлы /О.Садық //Айқын апта.- 2012. - 6 қыркүйек. - 26 б.

   Сарбалаұлы Б. "Бəріңе де бақытты тең тілейтін...": Ақын Дəулетбек Байдрахманов жайлы / Б. Сарбалаұлы//Қазақ елі.- 2012. - 27 қыркүйек. - 8 - 9 б.

   Сарбалаұлы Б. Дəулетбек: Ақын, қоғам қайраткері Д. Байдрахманұлы туралы /Б.Сарбалаұлы // Қазақ Елі. - 2008. - 7 мамыр (№5/6). - 6-7,11б.

   Сыр елiнiң сұңқары:Қаламгер Д.Байдрахманұлы дүниеден озды // Қазақ əдебиетi.- 2011. - 23 - 29 қыркүйек (№38). - 11 б.


 

20 сәуір 2015 ж. 17:08
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: