KITAPKHANA.KZ
kz ru

ДӘРІБАЕВ ҚАНАПИЯ

     Қанапия Дәрібаев 1931 жылы 27 желтоқсанда Қызылорда облысы Тереңөзек ауданы С.Сейфуллин (бұрыңғы «1Май» колхозы) атындағы совхозда туып өсіп, аудан орталығындағы Калинин орта мектебін бітірген.1956 жылы Қызылорда педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітірген.

     1956-1958 жылдары орта мектепте мұғалім, 1958-1963 жылдары республикалық «Балдырған», «Мәдениет және тұрмыс» журналдарында әдеби қызметкер, 1963-1981 жылдары Қызылорда облысы, Шиелі ауданындағы «Өскен өңір» газетінде редактордың орынбасары, 1981-1983 жылдары республикалық «Ара» журналында хат бөлімінің меңгерушісі болып істеген. «Светофор оттары» (1961), «Серт», «Шиелі өзен» (1976), «Сыр перзенті» (1981), «Көк күмбезі» (1986) жинақтары жарық көрген.

     1961 жылы республикалық жас ақындардың ұжымдық жинағына өлеңдері енген.

   Ақын 2006 жылы Алматы облысының Талғар ауданындағы Тұздыбастау ауылында қайтыс болды.

 

Əдебиеттер:


  Дəрібаев Қ. Ана-жүрек: Өлеңдер, балладалар, поэмалар / Қ.Дəрібаев. – Алматы: Жазушы, 1991. – 200 б., портр. Суретті

  Дəрібаев Қ. Көк күмбезі: Өлеңдер мен поэмалар / Қ.Дəрібаев. – Алматы: Жазушы, 1986. – 152 б., суретті

 Дəрібаев Қ. Серт: Өлеңдер мен поэмалар /Қ.Дəрібаев. – Алматы:Жазушы,1972. – 55 б. Дəрібаев Қ. Сыр перзенті: Өлеңдер мен поэмалар. / Қ.Дəрібаев. – Алматы: Жазушы, 1981. – 88 б.

  Дəрібаев Қ. Тастағы жазу: Сонеттер, балладалар, дастандар мен пьесалар/Қ.Дəрібаев. – Астана: Фолиант, 2009. – 336 б. – (Сырдария кітапханасы)

  Дəрібаев Қ. Шилі өзен: Өлеңдер мен поэма / Қ.Дəрібаев. – Алматы: Жазушы, 1976. – 51 б., суретті

  Дəрібаев Қ. Құдыреттей күш бар сенің санаңда: Саяси сонеттер //Парасат. – 1990.- №9. – 14-15 бет

* * *

  Аманұлы Ж. Терең ойлы тұнық ақын: [Ақын Қ.Дəрібаев туралы] // Дəрібаев Қ. Тастағы жазу: Сонеттер, балладалар, дастандар мен пьесалар / Қ.Дəрібаев. – Астана, 2009. – 336 б. – (Сырдария кітапханасы)

  Дəрібаев Қанапия //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық - Алматы: «Аруна», 2005.- 153 б.

  Дəрібаев Қанапия // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Анықтамалық. – Алматы: Ана тілі, 2004. – 96 бет.

  Дəрібаев Қанапия //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 120 б.

  Дəрібаев Қанапия // Советтік Қазақстан жазушылары: Библиографиялық анықтамалық. – Алматы, 1987. – 170-171 беттер

  Дəрібаев Қанапия // Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы, 2005. – 187-188 бет.

  Дəрібаев Қанапия // Сырдария (Тереңөзек) ауданы: Шежіре / Құраст. Т.Дайрабай. – Алматы, 2009. – 113 б.

  Байдрахманұлы Д. Қанапия Дəрібаев: Өлең //Байдрахманұлы Д. Тұлпар тілек.Екі томдық. – Алматы, 2006. – 1-кітап: Отан деп соққан жүректер. – 369 б.

  Əлмешов Ж. «Шилі өзенді» жағалағанда: [Ақын Қ.Дəрібаевтің жаңа өлең кітабына сын] //Ленин жолы. – 1976. – 9 сент.

  Дəрібаев Қанапия : [Қазанама] //Қазақ əдебиеті. – 2006. – 7-13 шілде (№27). – 15 б.; Қазақ Елі. – 2006. – 7 шілде

  Досмағанбетов І. Жыр күмбезі: [Қ.Дəрібаевтің «Көк күмбезі» атты жыр жинағы жарық көрді] //Еңбек туы. – 1986. – 1 нояб.

  Жанаев А. Сырда туып, сырда өскен: Ақын Қанапия Дəрібаевті еске алу / А.Жанаев //Тіршілік тынысы. – 2007. – 6 маусым

  Молдағалиев Т. Қанапия ақын – жетпісте //Қазақ əдебиеті. – 2003. – 24 қаңтар (№4). – 14 б.

  Оспан С. Жыр - жанының айнасы,қарапайымдылық - қағидасы: [Ақын Қанапия Дəрiбаев туралы] // Алматы ақшамы.- 2001.- 15 қараша.- 3 б.


 

20 сәуір 2015 ж. 18:14
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x