МАРХАБАЕВ АБДУЛ-ХАМИД 1938 жылы 18 сәуірде Қызылорда облысы, Арал ауданы, Ауан ауылында дүниеге келген. Жазушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы (2001), профессор (1997). 1964 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін (журналистика бөлімі) бітірген. 1964–1967 жж. «Білім және еңбек» (қазіргі «Зерде) журналының әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі, 1967-1976 жж. Қазақ мемлекеттік университеті журналистика факультетінің ассистенті, аға мұғалімі, доценті, 1976-1985 жж. «Білім және еңбек» журналының бас редакторы, «Жаңа фильм» журналының аға редакторы, 1981–1982 жж. Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеті Бас редакциясының аға редакторы, 1985-1987 жж. Қазақ орталық мұражайының баспа-редакция секторының аға редакторы, сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған. Көп жылдан бері ҚазМҰУ-да ұстаздық қызметте.
1959 жылдан республикалық басылымдарда ғылыми-фантастикалық жанр саласында әңгіме-повестер жаза бастады. Тұңғыш жинағы 1972 ж. «Ғарыштағы қымыз» деген атпен жарық көрді. «Арал әуендері» (1980), «Балалардың аман қалғанын айт!» (1997), «Аспанға құлады да кетті» (1997), «Жарылқаушы…» (1998), «Тосын ғарышхат» (1998), «Шортан планетасы, сен кінәлісің!» (2008), «Қызық қиял» (2008), т.б. ондаған көркем шығармалары жеке кітап болып шықты. Жеке туындылары «Қызыл сәуле» (1962), «Байқоңыр шоқ жұлдызы» (1979), «От-тас» (1981), «Жерұйыққа саяхат» (1984), «Отанымыздың тәуелсіздігіне тарту» (2006) және де басқа бірқатар жинақтарға енген. Кейбір шығармаларын орыс тілінде «Молодая гвардия» баспасының жыл сайынғы «Фантастика» жинағы, украин тілінде «Молодь» баспасы, молдован тілінде «Литература артистикэ» баспасы басып шығарды.
Фантастика жанрының табиғаты мен теориялық ерекшеліктерін айқындайтын фантастикатану хақында «Қолыңды әкел, Келешек. Қазақ фантастикасы: кеше, бүгін және…» (1978), «Қазақ фантастикалық әдебиеті. Жылнамалау, қарастыру, топтастыру, даралау, қисындау, дәйектеу» (1998), «Қазақ фантастикасының поэтикасы» (2008) атты монографиялары, «Ислам–Ғылым–Журналистика» оқулығы жарық көрген. Аударма саласында шыққан еңбектері: әзірбайжан қаламгері Х.Ғасылованың «Жайлы мекен» (1974), В.Михановскийдің «Шексіздікке шеру» (1990), «Фантастикалық Америка әфсаналары» (2007).
Əдебиеттер:
Мархабаев Абдул-Хамид.Арал əуендері / А.-Х.Мархабаев.- Алматы: Жалын, 1981.- 216 бет.
Мархабаев Абдул-Хамид.Ғарыштағы қымыз: Фантастика: повесть жəне əңгімелер/А.-Х.Мархабаев.- Алматы: Жазушы, 1972.- 128 бет.
Мархабаев Абдул-Хамид.Жұлдыздар жарығы жерге жетеді: Фантастика / А.- Х.Мархабаев. – Астана: Педагогика-Пресс, 2010.- 432 б.
Мархабаев Абдул-Хамид. Қиялгер қисындары -1 ғылыми-танымдық зерделеу:Зерттеулер: Оқу құралы. – Алматы: Санат, 2002. – 232 б.
Мархабаев Абдул-Хамид.Қолыңды əкел, келешек / А.-Х.Мархабаев.- Алматы: Қазақстан, 1978.- 168б.
Мархабаев Абдул-Хамид.Қызық қиял: Хикаяттар / А.-Х.Мархабаев.- Алматы: Раритет, 2008.- 272 б. - (Балалар əдебиеті сериясы)
Мархабаев Абдул-Хамид.Шортан планетасы, сен кінəлісің: Фантастикалық хикаяттар / А.Х.Мархабаев; Жауапты ред. Б.Кəрібозұлы.- Астана: Фолиант, 2008.- 456 б.- (Сырдария кітапханасы)
Мархабаев А-Х.Ф.Қазақ əдебиетіндегі фантастика поэтикасы: Филология ғыл.докт.дисс.автореф. / А.-Х.Мархабаев.- Алматы, 2005.- 34 б.
МархабаевАбдул-Хамид//Қазақəдебиеті:Энциклопедиялықанықтамалық- Алматы: «Аруна», 2005.- 361 б
Мархабаев Абдул-Хамид //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 261-262 б.
Мархабаев Абдул-Хамид //Қазақстан жазушылары : XX ғасыр: Анықтамалық /Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 205-206 б.
Мархабаев Абдул-Хамид //Советтік Қазақстан жазушылары: био-библиографиялық анықтамалық. – Алматы: Жазушы, 1987. – 394 б.
Мархабаев Абдул-Хамид //Сыр Елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2005. – 359 б.
Əбдiкəрiмов С. Дархан даламның демi: [Жазушы Абдул-Хамид Мархабаев туралы]// Дала.- 2003.-N 3.-22-25 б.
Əбдікəрімов С. Фантаст Абдул-Хамид Мархабаев //Алматы ақшамы. – 2001. – 1 наурыз
Əбдраман Ш. Қазақ фантастикасы тұңғыш рет ғылыми тұрғыдан жүйелендi: ["Ана тiлi" басп. жарыққа шыққан жазушы Абдул-Хамид Мархабаевтың "Қазақ фантастикалық əдебиетi" атты зерт. кiтабы туралы] // Егемен Қазақстан.- 1999.- 18 ақпан
Əбілов Е. Қазақ қиялының қыраны: Фантаст-жазушы А.-Х. Мархабаев 70 жаста //Сыр бойы. – 2008. – 12 шілде. -6 б.
Əлиқызы А. Қисыннан құйылған: [Жазушы Абдул-Хамид Мархабаев туралы эссе] // Қазақстан мұғалiмi. - 1998.- 24 маусым (N12-13).- 4 б.
Бектiбаев Р. Қиял жан семiртедi: [Қиялгер-жазушы Абдул-Хамит Мархабаевтың шығармашылығы туралы] // Егемен Қазақстан.- 1998.- 24 маусым
Беркінбаев Д. Қиял қарашаңырағын көтерген алтын бақан: Фантаст-жазушы А.-Х. Мархабаев 70 жаста //Сыр бойы. – 2008. – 12 қырк.
Беркінбаев Д. Сабырдан сарай салдырып, ақылдан алтын ұстаған: Фантаст-жазушы А.-Х. Мархабаев туралы //Сыр бойы. – 2008. – 13 қырк.
Жақып Б. Арманы - асқақ, қиялы - шексiз...: [Жазушы Абдул-Хамит Мархабаевтың шығармашылығы туралы] // Жас Алаш.- 1998.- 25 маусым
Жақып Ж. Қиял қанатындағы қаламгер: Фантаст-жазушы А.-Х.Мархабаев 70 жаста //Толқын. – 2008. – 10 қырк.
Қирабаев С.Шыншыл қиял жоқшысы: А.-Х. Мархабаев шығармашылығына / С.Қирабаев. // Қазақ əдебиеті.- 2010.-29 қараша.-8 б.
Мархабаев А.-Х. Қорқыт «көтерген мəселе» негізсіз емес: Жазушымен сұхбат /Сұхб. Қ.Төрежан //Айқын. – 2008. – 6 желт.
Мəмет С."Тұмса жанрдың" тұғыр тасы немесе квадрат дəрежесіндегі жазушы: / Фантаст-жазушы Абдул-Хамид Мархабаев жайында. Арал перзенті / С.Мəмбет. // Егемен Қазақстан.- 2008.-19 сəуір
Хамзин К. Алыс та болса - сақ ұрпағы немесе сақтанбайтын сақ ұрпағы туралы: [Жазушы, ғалым, ұстаз А-Х Мархабаев туралы] // Зерде.- 1998. - N 5-6 .- 6-7,11 б.
Iлес М. Ислам əлемiне саяхат: [Жазушы А-Х.Мархабаевтың "Ислам = Ғылым + Журналистика" атты кiтабы туралы] // Егемен Қазақстан.- 1997. - 28 қаңтар
|
Пікір
1
Пользователи1
Гости9
Роботы15
Список пользователей
Alfredoted
Сейчас на сайте
Terrypiove
Сейчас на сайте
RonaldWem
Сейчас на сайте
Gregoryref
Был(a) в сети 5 минут назад
EdwardSuify
Был(a) в сети 9 минут назад
KerryProns
Был(a) в сети 9 минут назад
RobertWriny
Был(a) в сети 9 минут назад
DavidSconi
Был(a) в сети 12 минут назад
HarrySeeno
Был(a) в сети 13 минут назад
LloydScoon
Был(a) в сети 16 минут назад
Richardarola
Был(a) в сети 19 минут назад
CarlossEaro
Был(a) в сети 20 минут назад
JerryWrogs
Был(a) в сети 23 минуты назад
TerryAmoxy
Был(a) в сети 27 минут назад
ArthurZedia
Был(a) в сети 30 минут назад
Ronaldthaks
Был(a) в сети 30 минут назад
Kevinbet
Был(a) в сети 30 минут назад
FerminCS
Был(a) в сети 31 минуту назад
TerryJug
Был(a) в сети 33 минуты назад
MichaelMinge
Был(a) в сети 34 минуты назад
ArturoSnids
Был(a) в сети 37 минут назад
Dennissigue
Был(a) в сети 37 минут назад
MarcosKar
Был(a) в сети 37 минут назад
Spencerpew
Был(a) в сети 40 минут назад
Kelvinsoife
Был(a) в сети 45 минут назад
Bernardmoito
Был(a) в сети 45 минут назад
Eddienip
Был(a) в сети 45 минут назад
JamieExoff
Был(a) в сети 47 минут назад
Jeffreylop
Был(a) в сети 48 минут назад
DeweyGesty
Был(a) в сети 52 минуты назад
JasonPoody
Был(a) в сети 55 минут назад
Edwardthync
Был(a) в сети 58 минут назад
Juliostiny
Был(a) в сети 59 минут назад
Gilbertunuck
Был(a) в сети 59 минут назад
HowardClent
Был(a) в сети 1 час назад
akbota
Был(a) в сети 1 час назад
Kevinnub
Был(a) в сети 1 час назад
Douglasbaw
Был(a) в сети 1 час назад
Philipgal
Был(a) в сети 1 час назад
GreggSwene
Был(a) в сети 1 час назад
TraceyPox
Был(a) в сети 1 час назад
Larryver
Был(a) в сети 1 час назад
HermanShoro
Был(a) в сети 1 час назад
Haroldrek
Был(a) в сети 1 час назад
WalterGot
Был(a) в сети 1 час назад
Rileyrib
Был(a) в сети 1 час назад
JosephGen
Был(a) в сети 1 час назад
NicolasPef
Был(a) в сети 1 час назад
JamesFloag
Был(a) в сети 1 час назад
MarcoTew
Был(a) в сети 1 час назад
Gregorygaurb
Был(a) в сети 2 часа назад
JeremyJUG
Был(a) в сети 2 часа назад
Michaelsmofe
Был(a) в сети 2 часа назад
Gilbertwalry
Был(a) в сети 2 часа назад
DonaldPrigo
Был(a) в сети 2 часа назад
RaymondTor
Был(a) в сети 2 часа назад
DanielAgole
Был(a) в сети 2 часа назад
Walterjuiny
Был(a) в сети 2 часа назад
AlbertExows
Был(a) в сети 2 часа назад
Charlesvoist
Был(a) в сети 2 часа назад
Normansow
Был(a) в сети 2 часа назад
Alvinnic
Был(a) в сети 2 часа назад
WilliamTag
Был(a) в сети 2 часа назад
Jessiesed
Был(a) в сети 2 часа назад
OscarBoype
Был(a) в сети 2 часа назад
WalterZerie
Был(a) в сети 2 часа назад
Tracytar
Был(a) в сети 2 часа назад
Danielesoge
Был(a) в сети 2 часа назад
Johnnieusazy
Был(a) в сети 2 часа назад
PeterSkalp
Был(a) в сети 2 часа назад
Duanenus
Был(a) в сети 2 часа назад
AlfredVer
Был(a) в сети 2 часа назад
GeorgesEk
Был(a) в сети 2 часа назад
BrianVague
Был(a) в сети 2 часа назад
Rogerwar
Был(a) в сети 2 часа назад
Stefannapse
Был(a) в сети 2 часа назад
Ronniezet
Был(a) в сети 2 часа назад
Robertimize
Был(a) в сети 2 часа назад
bolgupittay517
Был(a) в сети 2 часа назад
DanialWaw
Был(a) в сети 2 часа назад
EugeneTar
Был(a) в сети 3 часа назад
JeffreyGomia
Был(a) в сети 3 часа назад
QuinnDok
Был(a) в сети 3 часа назад
eralyecim
Был(a) в сети 7 часов назад
Кітапхана тарихы
Кітапхана алғаш рет 1867 жылы Перовск қаласында (қазіргі Қызылорда) Ақмешіт уезінің әскери бекінісінің халқы үшін ашылды. Кітапхана Ресейдің қалаларынан революциялық қозғалысқа қатысқаны үшін патша үкіметінен жер аударылған озық прогрессивті ойлы адамдармен ұйымдастырылды. Кітапхана...
Толығырақ
ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ
« Мамыр 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
27 | 28 | 29 | 30 | 31 |