ОМАРҰЛЫ ҚАРЖАУБАЙ

    1946 жылы 12 қарашада Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, «Айдарлы» кеңшарының №2 «Құмшығанақ» ауылында туған. 
   1969 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. 1969–1981 жж. Алматы облыстық «Жетісу» газетінде аға тілші, бөлім меңгерушісі, 1981-1993 жж. «Жалын» баспасында аға редактор, редакция меңгерушісі, 1993–1996 жж. «Балауса» баспасында редакция меңгерушісі, 1997–1999 жж. «Қазақ елі» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, 2000 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары аттестациялық комиссиясында жетекші ғылыми редактор болды. 2001 жылдан бастап «Ақ желкен» журналында бөлім меңгерушісі, 2003 жылдан өмірінің соңына дейін «Асыл сөз» газетінің Бас редакторы болып қызмет істеген. 
    Алғашқы өлеңдері 1964–1965 жж. газет-журналдарда жарияланды. 1969 және 1973 жылдары Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты болды. 
     Алты прозалық кітаптың авторы. Айтолқын деген әдеби бүркеншік атпен екі өлең кітабын шығарды. Балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік шығармалардың республикалық бәйгелерінде 1976 жылы «Қоңыраулы бесік», 1981 жылы «Әке», 1987 жылы «Бала-балапандар» повестері үшін үшінші, екінші жүлде алды. 
1999 жылы «Ақтөс» прозалық жинағы үшін Қазақстан Жазушылар одағының халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты атанды. 
     2000 жылы Түркістан қаласының 1500 жылдығына байланысты түріктің КАТЕҮ халықаралық қоры мен Түркістан қаласы әкімшілігі жариялаған өлең бәйгесінде «Мүбәрак Түркістан» поэмасы екінші жүлдеге ие болды.
   2007 жылы Ұлттық «Астана - Бәйтерек» конкурсының мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арналған номинациясында ІІ жүлде, ІІІ жүлде, «Қазақстан Республикасының мерекелік даталарына арналған қойылымдардың бағдарламасы» номинациясы бойынша көтермелеу жүлдесімен марапатталған. 
 
 

Əдебиеттер:


  Омаров Қ. Əке: Повесть / Қ.Омаров.- Алматы: Жалын, 1981.- 240 бет. Омарұлы Қ. Əке: Повестер / Қ.Омарұлы.- Алматы: Балауса, 1994.- 448 бет.

  Омарұлы Қ. Бала - балапандар: Хикаяттар,əңгімелер / Қ.Омарұлы; Құраст.: Б.Қошым - Ноғай. - Алматы: Раритет, 2011.- 176 бет.

  Омаров Қ. Көп балалы үй: Повестер, əңгімелер, ертегілер / Қ.Омаров.- Алматы: Жалын,1988.- 448 бет.

  Дəулетұлы А.Қаржаубай Омарұлы //Дəулетұлы А. Нұрлы жол. – Қызылорда, 2010. – 106 б.

  Омарұлы Қаржаубай //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық - Алматы: «Аруна», 2005.- 409-410 б

  Омарұлы Қаржаубай //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер,Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 307 б.

  Омарұлы Қаржаубай //Қазақстан жазушылары : XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст.Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 240 б.

  Омаров  Қаржаубай  //Советтік  Қазақстан  жазушылары: био-библиографиялық   анықтамалық. – Алматы:  Жазушы, 1987. – 469 б.

  Омарұлы Қаржаубай //Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред.Б.Ғ.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005. – 405 б.

  Омарұлы Қаржаубай //Сырдария (Тереңөзек)ауданы: Шежіре / Құраст. Т.Дайрабай.– Алматы: Арыс, 2009. – 172 б.

  Дайрабай Т. Бала жанынбаураған Қаржау едi... // Түркiстан.- 2009. - 24 желтоқсан (№51/52). - 16 б.

  Көше атаулары өзгертілді: Жаңақорған кенті //Жаңақорған тынысы.- 2011.- 10 ақпан Қаржаубай Омарұлы: Жазушы, ақын, "Алаш" сыйлығының лауреаты. Қазанама // Қазақ əдебиеті. - 2009. -23 қаңтар. - 12 б.

 



23 сәуір 2015 ж. 14:02
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: