ТӘЖІКЕНОВА ҮМІТ

     1949 жылы 7 ақпанда Қызылорда облысы, Қазалы стансасында туған. Жамбыл педагогикалық институтын аяқтаған соң осы қаладағы ГПТУ–102 мекемесінде комсомол ұйымының хатшысы, ГПТУ–180 мекемесінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет еткен. 1978–1992 жж. кинофикация мен кинопрокат жүйесінде администратор, кинотеатр директоры, кинопрокат бөлімінің бастығы болып жұмыс істеген. 1993 жылдан бастап Алматы қаласына көшіп  келген. 
     1993–1994 жж. Халықаралық Абай қорында директордың орынбасары, 1994–1995 жж. Жоғарғы Кеңесте, Президент аппаратында инспектор, референт болған. 1995–2006 жж. кәсіпкерлік жұмыспен айналысқан. 
   «Сакрализация памяти» атты алғашқы әңгімелер жинағы 2001 жылы жарық көрген. «Восхождение к Абсолюту» (2003), «Ақиқатқа жүгіну» (2006) кітаптарының авторы.
 
 
 

Əдебиеттер


   Тəжікенова Үміт. Ақиқатқа жүгіну /Ү.Тəжікенова.- Семей: Халықаралық Абай клубы, 2006.-156б.

   Тəжікенова Үміт //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 380-381 б.

   Тəжікенова Үміт //Тамыры терең, тарихы кенен – Қазалы. – Алматы: Телеарна, 2008. – 212 б.


23 сәуір 2015 ж. 15:27
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: