KITAPKHANA.KZ
kz ru

ІЗТІЛЕУОВ ТҰРМАҒАМБЕТ

     Тұрмағамбет Ізтілеуов 1882 жылы 9 шілдеде Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,  қазіргі Тұрмағамбет Ізтілеуов  (бұрынғы Ленин атындағы кеңшар) ауылында дүниеге келген. Алғаш Алдашбай ахуннан сауат ашқан. Бұқара қаласында әуелі «Мир Араб» (1896-1899), кейін «Көкілташ» медресесінде (1896-1905) оқыған. Араб, парсы, шағатай тілдерін жетік меңгерген. «Көкілташ» медресесінде тәжік жазушысы Садриддин Айнимен достасып, қабырға газетін бірге шығарысқан. Өзі медреседе оқи жүріп Қарақалпақ елінде бала оқытқан. Осы тұста «Шәкірттерге», «Ұстаз ұсынысы», «Шөлмек» өлеңдерін жазған.
         1905-1925 жылдары ауыл мектебінде мұғалім, 1936-1937 жылдары Халық ағарту комиссариатында ғылыми қызметкер болған. Тұңғыш мысал өлеңін («Қара қоңыз», 1896) 14 жасында, алғашқы дастанын  («Мәрді диқан»,1900) 18 жасында шығарған. 1907-1910 жылдар аралығында «Данышпан қарт», «Рауа Бану», «Тұтқын қыз» атты тағы басқа да оннан астам дастан жазып, қазақ поэзиясының бұл саласын дамытуға елеулі үлес қосады. 
        Ізтілеуовтың шығармаларының негізгі тақырыбы білім-ғылымды («Балаларыма», «Ақыл тон аңдағанға тозбайтұғын», «Ұлдарыма», «Абайды оқығанда»), адамдық пен ізгілікті («Адамдық іс», «Жақсы мен жаман», «Қабанға қарсы ұмтылма ер дегенде», «Толымды жігіт», т.б.) насихаттау болды. Сөз өнерінің өміршеңдігін өнеге еткен өлеңдеріне «Назым», «Сөз берсем «жөндеймін» деп бұзасындар», «Әр елдің бар бұлбұлы», «Жоқ деме, маза өлеңде», «Жырыңды жаз жөрмелеп», т.б. жатады. Сондай-ақ, «Атаңның әуелінде белінде едің», «Адам» атты діни-философиялық жырлары мен бұрын баспа бетін көрмеген «Хазіреті Омардың хикаясы», «Пендесін Алла жеткерер», «Бұйрық» өлеңдерінде ол өзінің суреткерлік таланты мен дін ілімінің білгірі, терең психологиялық танымның иесі екендігін танытты. Табиғат тақырыбында «Жыл келді», «Сыр бойы», т.б. өлеңдер жазды. Ол жазбаша айтыстың дамуына өзіндік үлесін қоса отырып, Сыр бойындағы жазба айтыс мектебін қалыптастырушылардың бірі болды. Ізтілеуовтың жазба айтыстарын діни айтыс, хат айтыс, жұмбақ айтыс, мысал айтыс деп жіктеуге болады. 
        Ақын 1936 жылы Ә.Фирдоусидің «Шаһнамасын» қазақ тіліне еркін аударма жасады. Бұл шығарманы М.Әуезов, С.Сейфуллин, Т.Жүргенов, т.б. жоғары бағалаған. Туындының «Рүстем-Дастан» аталатын бөлімі 1961 жылы, «Шаһнама. Рүстем-Дастан» деген атпен толықтырылған нұсқасы 2004 жылы жарық көрген. Өлеңдері «Үш ғасыр жырлайды» (1965), «Бес ғасыр жырлайды» (1985), «Қасиетті Қармақшым» (2003), «Ғасырлар толқыны» (2004) жинақтарына енген. Зерттеуші М.Байділдаев Ізтілеуовтың ел аузында жүрген жырларын, тапқырлық сөздерін жинастырып, «Назым» деген атпен 1972,1982 жылдары жарыққа шығарды. Ө.Күмісбаев Ізтілеуовтың «Рүстем-Дастанын» жүйелі түрде қарастырып, парсы тіліндегі «Шаһнамамен» салыстыра зерделеді. Ұ.Жаңбыршиева ғылыми-зерттеу еңбегінде ақын шығармаларының жанрлық ерекшеліктеріне тоқталып, поэтикалық сөз жүйесін саралады («Т.Ізтілеуовтің поэтикалық творчествосы»).
        Т.Ізтілеуов 1934 жылы халық таланттарының Қазақстандық 1-слетіне, сол жылы ашылған республика жазушыларының тұңғыш съезіне қатысты. Ақын қолжазбалары Қазақстан ҒА Әдебиет және өнер институтының қолжазба және мәтінтану бөлімінде сақтаулы.
          1939 жылы 15 мамырда қайтыс болды. 
 
 

Əдебиеттер


   Ізтілеуов Т.Назым. Таңдамалы шығармалар / Құраст.М.Байділдаев. – Алматы: Жазушы, 1972.-263 б.

   Ізтілеуов Т. Назым: Шығармалары / Т.Ізтілеуов.- Алматы: Жазушы, 1982.- 320 бет. Ізтілеуов Т. Өлеңдер, дастандар, рубайлар //Бес ғасыр жырлайды. / Құраст.

   М.Байділдаев,М.Мағауин. – Алматы: Жазушы, 1984.-3-т.- 282-313 б.

   Ізтілеуов Т. Рүстем-Дастан / Фердоуси «Шаһнамасының» ізімен жырлаған. Баспаға əзірлеген М.Байділдаев. – Алматы: Қазмем.көркем əдеб. баспасы, 1961.-604б.

   Ізтілеуұлы Т. Шаһнаме: Фирдоуси «Шаһнамесінің» желісімен жырланған тарихи дастаны / Жауапты шығ. А.Н.Алматов, И.Жеменей.- Астана: Сарыарқа, 2009.-452 б.

   Ізтілеуұлы Т. Шығармалары: Екі томдық - Астана: Фолиант, 2009- («Сырдария кітапханасы»)

   Ізтілеуұлы Т. Шығармалары / Жауапты шығарушы Б.Жүсіпов – Алматы: Дешті қыпшақ, 2007.-588 б.

   Ізтілеуұлы Т. Шығармалары.Төрт томдық жинақ / Құраст. М.Байділдаев, А.Алматов. - Алматы: Жазушы, 2007-

   Ізтілеуов Тұрмағамбет //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық - Алматы: «Аруна», 2005.- 568 б

   Ізтілеуов Тұрмағамбет //Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Анықтамалық. - Алматы: Ана тілі, 2004.- 353 б.

   Ізтілеуов Тұрмағамбет //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 447-448 б.

   Ізтілеуов Тұрмағамбет //Советтік Қазақстан Жазушылары. Библиографиялық анықтамалық. - Алматы: Қазақстан,1972. - 103-109 б.

   Ізтілеуов Тұрмағамбет //Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы: 2005. - 534-535 б.

   Тұрмағамбет Ізтілеуов//Иманғалиев С., Қыстаубаева З. Қызылорда көшелері. – Алматы,2009. – 136 б.

   Тұрмағамбет Ізтілеуұлы //Қасиетті Қармақшы. Қармақшы өңірі ақын жазушылары шығармаларының жинағы /Жауапты құраст. А.Үсенұлы  – Алматы:Үш қиян, 2003. - 409-410 б.

   Əлиасқаров Ə. Ақ пейіл шын дүр еді: Т.Ізтілеуовке арналғанөлең //Əлиасқаров Ə. Шығармалары: Өлеңдер мен толғаулар, поэмалар. - Астана: Фолиант,2008.- 118-119 б.- (Сырдария кітапханасы)

   Дайрабай Т. «Аралап жердің жүзін жүрер сөзім» немесебайтақтан басы озған ақын //Дайрабай Т. Сыр перзенттері. – Алматы: Арыс, 2010. – 152-158 б.

   Еңсегенов Т.Тұрмағамбет ақын //Еңсегенов Т. Сыр бойы ақын-жазушылары:Əдеби зерттеу. –Алматы: Білім, 2000. – 134-148 б.

   Жанбершиева Ұ. Тал жібектей таза сөздің тарланы: (Тұрмағанбет Ізтілеуовтің ақындық мұрасы) Əдеби зерттеу / Ұ.Жанбершиева.- Қызылорда: Тұмар, 2002.- 128 б.

   Жүсіпов Б. Жаназасыз жерленген ақын //Жүсіпов Б. Ойтұмар: Əдеби-көркем сын, эсселер мен сұхбаттар –Алматы: ARNA-б, 2009.-18-23 б.

   Жүсіпов Б. «Шаһнама» туралы шындық; Жаңа басылым ба, жамау басылым ба?; Тұлпар ақын Тұрмағамбет;Ақмешіттегі мұра Алматыға қалай келді?; Шығыстың шырын тілді «Шаһнамасы!»;Қазақ қолжазбаларына қамқорлық қажет; Мəселе шынымен де басқада //Жүсіпов Б. Ойтұмар: Əдеби-көркем сын, эсселер мен сұхбаттар – Алматы: АRNA-b, 2009.- 82- 103 б.

   Қожахметова Ф. Тұрмағамбет Ізтілеуов тілдік тұлғасының дискурстық сипаты: Филология ғыл. канд. дисс. автореф. /Ф.Қожахметова. - Алматы, 2004.- 30 б.

   Құндақбаева Л.Ш. Тұрмағамбет Ізтілеуұлы шығармаларының тілі: Филология ғыл.канд.дисс.автореф. /Л.Ш.Құндақбаева. - Алматы, 2007.- 29 б.

   Аға деген ініні - "жаным" десе болады: Жырау, сыр сүлейі Т. Ізтілеуовтің туғанына 125 жыл //Алматы ақшамы.- 2007. - 10 қараша

   Ақынның төрт томдық шығармалар жинағы: Т.Ізтілеуовтың "Жазушы" баспасынан төрт томдық академиялық жинағы жарық көрді //Сыр бойы. - 2007.- 6 қараша

   Аяпұлы Ү. Абайды пір тұтатын: Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жайлы естелік /Ү.Аяпұлы //Аңыз адам. - 2012. - №11. - 46-47 б.

   Аяшұлы Д. Аралап жердің жүзін жүрер сөзім: Сыр сүлейі Тұрмағамбет Ізтілеуовтің туғанына 125 жыл / Д.Аяшұлы // Сыр бойы.- 2007. -16 ақпан

   Əбдірауықов Н. Атам түсімде алты дəуіт сия ішіпті:Тұрмағамбет Ізтілеуұлының немересімен сұхбат Сұхб. Р.Жарылқасынов //Аңыз адам.- 2012. - №11. - 49 б.

   Əбдірəуіпова Ш. Назым сөздің шебері: Тұрмағамбет Ізтілеуұлы - 130 /Ш.Əбдірəуіпова // Халық.- 2012. - 15 наурыз. - 10 б.; Ел тілегі. -2012. - 4 сəуір.- 9 б.

   Əмиша Н. "Шаһнаманы" қазақша сөйлеткен шайыр: Сыр сүлейі Т. Ізтілеуов туралы/ Н.Əмиша // Айқын.- 2007. - 12 маусым. - 5б.

   Əмиша Н. Тау тұлға - Тұрмағамбет: Атақты шайыр Тұрмағамбет Ізтілеуовтің туғанына 125 жыл / Н.Əмиша //Айқын.- 2007. - 3 қараша. -с5.

   Байділдаев М. Назым жырдың дүлдүлі: Ақын Т.Ізтілеуовтың туғанына 100 жыл /М.Байділдаев //Жұлдыз.- 1983.- N 6.- 194-196 б.

   Байділдаев М. Тұрмағамбет мұрасы: Тұрмағамбеттің ақындық жолы, "Шахнаманы" аударуы жайлы/ М.Байділдаев //Аңыз адам.- 2012. - №11. - 43 б.

   Бектібайұлы Ш. Ақындардың ақыны: Тұрмағамбет Ізтілеуовке арналған өлең/ /Ш.Бектібайұлы //Сыр бойы.- 2007.-31 қазан

   Бердібай Р. Шайырдың шырын сөздері:Тұрмағамбеттің ақындықжолы, "Шахнаманы" аударуы жайлы / Р.Бердібай //Аңыз адам.- 2012. - №11. - 43 б.

   Бодықова А.Тұрмағамбет əлемі / А.Бодықова //Тұрмағамбет.- 2011. - №2. - 17-20 б.Бүркітбайұлы Б. Тау тұлғалы Тұрмағамбет: Тұрмағамбет Ізтілеуовтың туғанына 125 жыл / Б.Бүркітбайұлы //Қазақстан-ZAMAN.- 2007. - 8 қараша

   Дайрабай Т. "Аралап жердің жүзін жүрер сөзім" немесе Байтақтан басы озған ақын: Жырау Т. Ізтілеуов туралы / Т.Дайрабай // Түркістан.- 2007. - 12 шілде

   Дайрабай Т. Белгілі тұлғалардың беймəлім қырлары..: Ақын Т.Ізтілеуұлы, қоғам қайраткері Т.Жүргенов жəне батыр БұқарбайЕстекбайұлы жайлы / Т.Дайрабай //Түркістан.- 2012. - 22 наурыз. - 11 б.

   Дайрабай Т. Ұлы дала өркениеті жəне "Шаһнама": Осы тақырыпта ҚР Ұлттық кітапханасында халықаралық ғылыми конференция өтті / Т.Дайрабай // Түркістан.- 2009. -15 қазан.-8 б.

   Дəулетбаев З. НКВД-дегілер ақынның өлгеніне сенбей, көрін аштырған дейді: Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жайлы естелік /З.Дəулетбаев //Аңыз адам.- 2012. - №11. - 45 б.

   Демеуов Қ. Сыр сүлейі: Атақты шайыр Тұрмағамбет Ізтілеуовтің туғанына 125 жыл / Қ.Демеуов // Жалағаш жаршысы.- 2007. - 20 қазан

   Ергешбаев М. Биыл ғұлама ақын Тұрмағамбет Ізтілеуұлының туғанына 130 жыл толып отыр: Қармақшы ауд. əкімімен сұхбат / М.Ергешбаев; Сұхб.Н.Салықов //Аңыз адам.- 2012. - №11. - 50 б.

   Ергөбек С. Тұрмағамбеттің аудармасы –ақынның өзінің алдындағы ақынмен өнер жарыстыруы: Фердаусидің "Шаһнамасы"Т.Ізтілеуұлының аудармасымен / С.Ергөбек // Аңыз адам.- 2012. - №11. - 34 б.

   Ержанов А. Жыр дүлдүлі: Тұрмағамбет Ізтілеуов туралы толғау / А.Ержанов // Ақмешіт апталығы.- 2010.-7 қазан.-6 б.

   Ержанов А. Тұрмағамбет - қазақтың Фердоусиі: Көрнекті тұлғалардың бірі Тұрмағамбет Ізтілеуұлының артына қалдырған мұралары жайлы / А.Ержанов //Ақмешіт апталығы.- 2011.- 17 наурыз.- 14 б.

   Ерсұлтанов Ə. Назым сөздің шебері: Сыр сүлейлерінің бірегейі, дауылпаз ақын Тұрмағамбет Ізтілеуов жайында /Ə.Ерсұлтанов,     Е.Кəрібозов // Сыр бойы.- 2012. - 31 наурыз. - 12 б.

   Есжанов С. Тұрмағамбет Ізтілеуов /С.Есжанов //Ақиқат.- 2012. - №2. - 107 - 108 б.

   Есжанов Т. Тарих толқынындағы тағдырлар: Тұрмағамбет ақын мен колхоз басқармасы Н.Əлібаев туралы əңгіме / Т.Есжанов // Сыр бойы.- 2009.-4 сəуір.-8 б.

   Есжанов Т. Тұрмағанбет пен Нұртай басқарма: Т.Ізтілеуов пен Ж.Нұртаев туралы.

   Қармақшы ауд. /Т.Есжанов // Егемен Қазақстан.- 2009.-25 ақпан.-7 б.

   Есжанов Т. Тұрмағанбет шайыр: Қазақ ақыны Тұрмағанбет Ізтілеуов жайлы /Т.Есжанов // Ел тілегі. - 2011. - 6 қаңтар

   Есжанов Т. Шайырлық жолы шартарап: [Ақын Тұрмағанбет Ізтілеуовтың туғанына 120 жыл толуына орай] / Т.Есжанов // Сыр бойы. - 2002.- 28 наурыз.- 5 б.

   Жарылқасынов Р. Тəлкекке түскен тағдырлар: Тұрмағамбет Ізтілеуов - 130 /Р.Жарылқасынов //Қармақшы таңы.- 2012. - 5 мамыр. - 5 б.

   Жарылқасынов Р. Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өмірінің тарихи тізбесі: Хронологиялық тəртіп бойынша /Жарылқасынов Р. // Аңыз адам.- 2012. - №11. - 41 б.

   Жарылқасынов Р. Тұрмағамбет қазақшалаған "Шаһнама"ширек ғасыр бойы қалтарыста жатқан: Т.Ізтілеуұлының Фердаусидің "Шахнамасын" қазақ тіліне аударғандығы жайлы / Р.Жарылқасынов // Аңыз адам.- 2012. - №11. - 40-42 б.

   Жүсіпов Б. Жаназасызжерленген ақын: Сыр сүлейі Тұрмағамбет Ізтілеуов туралы / Б.Жүсіпов // Сыр бойы.- 2009.-19 қыркүйек.-4 б.

   Жүсіпов Б. НКВД Тұрмағамбет аруағын қалай қорлады?: немесе ақынның туған жылы дұрыскөрсетіліп жүр ме? / Б.Жүсіпов // Айқын апта.-2007. - 1 қараша. - 27б.

   Жүсіпов Б. Тұрмағамбет қолжазбасының құпиялары: Тұрмағамбет Ізтілеуов / Б.Жүсіпов // Тұран-Қазалы.- 2009. - 7-10 қаңтар

   Жүсіпов Б. Тұрмағамбет шайыр жырлаған "Шаһнама": Ақын Т.Ізтілеуов -125 /Б.Жүсіп // Қазақ əдебиеті.- 2007.-25 қазан

   Жүсіпов Б. "Шаһнама" туралы шындық: Фирдаусидің "Шаһнама" дастаны жөнінде Алмас Алматов пен Берік Жүсіповтің арасындағы полемика / Жүсіпов Б. // Қазақ əдебиеті. - 2004. - 15 желтоқсан

   Жүсіпов Б.Фердауси мен Тұрмағамбет нұсқасын салыстыра зерттейтін келелі кезеңге жол ашылды:Т.Ізтілеуұлының "Шаһнаманы"аударуы / Б.Жүсіпов//Аңыз адам.- 2012. - №11. - 48 б.

   Ибрагимова Г. Тұрмағанбет жəне "Шаһнаме"дастаны: Ақын Тұрмағанбет Ізтілеуов жайлы / Г.Ибрагимова //Қазақ тілі мен əдебиеті.- 2010. -№11. - 79 - 85 б.

   Иран - Ғайып. Тұрмағамбет: Қасірет -Нама // Сыр бойы.- 2009.-31 қазан; Сырдария.- 2011. - №2. - 14 - 47 б.

   Исаев И. Дария жырдың дүлдүлі: Сыр сүлейі Т.Ізтілеуовтің 125 жылдық мерейтойына арнау өлең / И.Исаев // Алматы ақшамы.- 2007. - 1 қараша. - 13б.

   Карбозов Е. Өлең өрнегінің шебері: Ақын Тұрмағамбет Ізтілеуов туралы / Е.Карбозов // Қазақ тілі мен əдебиеті.- 2003.- N1.-114- 119 б.

   Карбозов Е. Шығыстың сюжет жəне ұлттық сипат: Т.Ізтілеуовтің "Рүстем-Дастан" шығармасы бойынша / Е.Карбозов // Қазақ тілі мен əдебиеті.- 2005.- N4.- 47-54б.

   Кəрібозов Е. Тұрмағамбет шығармаларындағы исламдық қағидалар / Е.Кəрібозов //Тұрмағамбет.- 2011. - №2. - 21-26 б.

   Көптілеуов М. Ауыл көшесіне Төлеген Ізтілеуовтың есімі берілді / М.Көптілеуов //Қазалы.- 2011. – 14 мамыр. - 3 б.

   Күдеров Т. Сыр елінде той өтті дүрілдеген: Т.Ізтілеуовтың туғанына 125 жыл толуына орай өткізілген спорттықшаралар / Т.Күдеров // Sport ks.- 2007. - 5-12 қараша

   Күмісбаев Ө. Өлеңнің сүйріктей қып сұлу бойын: Атақты шайыр Тұрмағамбет Ізтілеуовтің туғанына 125 жыл / Ө.Күмісбаев // Түркістан. - 2007. - 1 қараша

   Күмісбаев Ө. Тұрмағамбет жəне Фирдоуси // Тұрмағамбет.- 2011. - №2. - 3-16 б.

   Күмісбаев Ө.Фирдоуси "Шахнамасы" əлем назарында: Дүние жүзі əдебиетінің тарихында Фирдоусимен осылай тепе-тең жырласқан   Сыр бойынан шыққан қазақтың ұлы ақыны Тұрмағанбет Ізтілеуұлы да болатын /Ө.Күмісбаев // Таң-Шолпан.- 2010. - №6. - 262-275 б.

   Қанатбаева М. Тал түсінде төсте озған нақыл жырдың дүлділі еді -Тұрмағамбет: Ақын, сыр сүлейі Т.Ізтілеуов жайында толғаныс / М.Қанатбаева, Т.Дайрабай //Түркістан.- 2007.-15 қараша

   Қаратаев М. Қос бəйтерек - Жамбыл мен Тұрмағамбет: Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жайлы естелік /М.Қаратаев //Аңыз адам.- 2012. - №11. - 44 б.

   Қожагелдин М. Нақыл жырдың дүлдүлі: Тұрмағамбет Ізтілеуовтың 125 жылдық мерейтойы / М.Қожагелдин //Астана хабары.- 2007. - 20 қараша

   Қоңыратбаев Ə. Мыңнан оза шыққан қас жүйріктің өзі болар-ау деп ойлайтынмын: Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жайлы естелік / Ə.Қоңыратбаев //Аңыз адам.- 2012. - №11. - 45 б.

   Қосан С. Тұрмағамбеттің түрмедегі жырлары /С.Қосан //Таң-Шолпан.- 2005.- N2.- 97-103б.;Тұрмағамбет.- 2011. - №3. - 3 - 6 б.

   Қыдырбаева К. Жастарға эстетикалық тəрбие берудегі Сыр сүлейлері шығармаларының маңызы: Сыр өңіріндегі жыраулық дəстүрлер туралы / К.Қыдырбаева// Ақмешіт хабаршысы.- 2010.-№3.- 83-87 б.

   Мəди А. Шайырлардың шайыры: Алматы қаласында Жыр сүлейі Тұрмағамбет Ізтілеуұлының мүсіні орнатылды /А.Мəди //Алматы ақшамы.- 2007. - 1қараша

   Мұқай Ө. Біртуар Тұрмағамбетті ұлықтай: Атақты шайыр Тұрмағамбет Ізтілеуовтің туғанына 125 жыл / Ө.Мұқай //Алматы ақшамы.- 2007. - 1 қараша. - 13б.

   Пірназар С. Сыр сүлейлерінің соңғы саңлағы: Тұрмағамбет Ізтілеуов -125 /С.Пірназар //Егемен Қазақстан.- 2007.-14 қараша

   Сағындықова Н. Тұрмағамбет "Шаһнаманы"санасына сіңіріп, поэманың өн бойына үңіліп аударды: Т.Ізтілеуұлының Фердаусидің "Шахнамасын"қазақ тіліне аударғандығы жайлы / Н.Сағындықова //Аңыз адам. - 2012. - №11. - 35 б.

   Сариев Ш. Фирдаусидей ұлы ақын: Тұрмағамбет Ізтілеуов-125 жаста //Сыр бойы. - 2007. - 2 қараша

   Тасымова З. Биіктей берген тұғыр: Т.Ізтілеуов-125 //Сыр бойы.- 2007.-3 қараша Тау тұлғалы Тұрмағамбет: Халық ақыны Т.Ізтілеуовтің 125 жылдығына арналған газет беті // Сыр бойы.- 2007.-3 қараша

   Тебегенов Т. Тұрмағамбет - қазақ өркениетіндегі классик ақын: Тұрмағамбет шығармашылығы жайында / Т.Тебегенов //Тұрмағамбет.- 2012. - №1. - 3 - 14 б.

   Тебегенов Т.Тұрмағамбет ақынның "Шаһнама" эпопеясындағы тарихилық пен көркем шындық: Т.Ізтілеуов шығармашылығы //Таң-Шолпан.- 2008.- №5.- 67-102б.

   Төреқожаева Н. Тұрмағамбет Ізтілеуұлының дидактикалық өлеңдеріндегі: Тұрмағамбет Ізтілеуов шығармашылығы туралы/ Н.Төреқожаева // Қазақ тілі: əдістеме.- 2012. - №1. - 22 - 25 б.

   Тұрмағамбет Ізтілеуов жайлы лебіздер //Сыр бойы.- 2007. - 7 маусым

   Тұрмағамбет Ізтілеуов-125: Қармақшы ауданында Тұрмағамбет жылының ашылу салтанаты өтеді // Сыр бойы. - 2007. - 7 маусым

   Тұрмағамбет Ізтілеуұлы: Сыр сүлейі, ақын, аудармашы туралы//Аңыз адам.- 2012.-

№11. - 39 б.

   Тұрмағамбет жылының тағылымы: Сыр сүлейі, ақын Т.Ізтілеуовтың туғанына 125 жыл //Сыр бойы. - 2007. -12 маусым

   Тұрмағамбетке - тағзым: Ақын, аудармашы, сыр сүлейі Тұрмағамбет Ізтілеуовтың туғанына - 130 жыл //Айқын.- 2012. - 10 қаңтар. - 5 б.

   "Тұрмағанбет жылы" басталды: Сыр сүлейлерінің бірі - ақын Тұрмағанбет Ізтілеуовтың туғанына 130 жыл //Алаш айнасы.- 2012. - 13 қаңтар. - 5 б.

   Тұяқбаев Ғ.Т.Ізтілеуұлының дидактикалық өлеңдеріндегі діни-ағартушылық сарын: Дидактикалық поэзия жайлы / Ғ.Тұяқбаев // Тұрмағамбет.- 2011. - №3. - 7 - 14 б.

   Үмбет Ə. "Тұрмағамбет жылы" жарияланды: Қармақшы ауданы 2012 жылды "Тұрмағамбет жылы" деп жариялады / Ə.Үмбет // Алаш айнасы.- 2012. - 17 қаңтар. - 5 б.

   Шынтемірұлы Н. Тұрмағамбет атындағы оркестр: Облыстық филармония жанындағы ұлт-аспаптар оркестірі сыр сүлейінің атымен аталады / Н.Шынтемірұлы. //Айқын.- 2007.-13 қараша



24 сәуір 2015 ж. 10:09
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x