Бұқарбай батыр

     Өткен ғасырда патша отаршылдарына қарсы ұлт-азаттық күрес жүргізген Кенесары хан мен оның қасында бірге болған, елге, халыққа белгілі адамдар көп еді. Солардың бірі – Кенесары туралы деректерде жиі айтылатын халық батыры Бұқарбай Естекбайұлы.

     Бұқарбай Естекбайұлы 1812 жылы қазіргі Қызылорда облысының Жалағаш ауданына қарасты елді мекенде дүниеге келген. Шыққан тегі – Кіші жүздің Табын тайпасынан. Оның ішінде – Теке, одан Атанша болып тарайды. Атаншаның баласы Құдайсүгірден батырдың әкесі Естекбай туған.

    Жайтайынан ел қорғау жорықтарына қатысып, шыңдалып өскен Бұқарбай батыр ержүректілігімен көзге түседі. Кенесары көтерілісіне алғашқылардың бірі болып қатысып, 1847 жылға дейін көрнекті батырлардың қатарында аталады. Ол 1839 ж. тамызда Ақмола бекінісін алуға қатысты.

     1850 ж. Бұқарбайдың жасағы Қазалы, Арал, Қосқорған бекіністеріне шабуыл жасап, қазақ-орыстар мен қоқандықтарды жеңді. Орыс тіліндегі деректерге қарағанда, Бұқарбай осы шайқастардың бірінде ауыр жараланып еліне қайтқан соң бейбіт еңбекпен айналысқан. Егін егіп, 1854 жылы Сырдария сағасынан күні бүгінге дейін ұрпақтары пайдаланатын «Бұқарбай арығын» (ұзындығы 25-30 км) қаздырған. Талайды көріп, ұзақ өмір сүрген батыр өз туған жерінде қартайып 1898 жылы дүние салды.

Батырдың 8 баласы болған. Бәйбішесі Шынардан туған Көтібар, Алданазар, Зылиқадан тараған үрім-бұтағы бүгінде батырдың өзі туып-өскен ата жұртта өмір сүруде. Олардың қолында батыр бабаларының есімі жазылған күміс мөрі мен шашақты туы, т.б. зат-мүліктері сақталған.

     Бұқарбай батырдың ерліктері ақын-жыраулардың мұраларында, тарихшы Е.Бекмахановтың зерттеулерінде, жазушы І.Есеберлиннің «Қаһар» романында, зерттеуші Қ.Бердәулетовтың «Бұқарбай батыр» кітабында көрініс тапқан.


04 мамыр 2015 ж. 09:44
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: