KITAPKHANA.KZ
kz ru

Жалбыр батыр

     Жалбыр Бөрібайұлы (шамамен 1830-1912) – батыр. Сыр елі мен жері үшін күрескен. Жалбыр Бөрібай батырдың 10 баласының ең кенжесі. Бөрібайдың 82-ге қараған шағында Жалбыр туыпты. Туғанда өте арық болыпты. «...Әй тірі болса, бұл да адам болар», - деп атын Байсал қойыпты. Байсал 12 жасында атқа мініп, жалбырлап атқа шаба беретін болған. Содан да Байсал аты ұмытылып Жалбыр аталыпты.

     Жалбырдың шешесі жылқыдан ақ боз ат алдырып жау-жарағын дайындап «үш құлаш қыл шылбырды есіп байлапты. «Балам жау шапса, осы қыл шылбырды беліңе байла», - деп кеңес берген делінеді.

     Жалбыр батыр әділеттілікті қалаған, сол үшін де өз жанын ойламай талай рет қоқанд және орыс өкіметінің басшыларына қаймықпай қарсы шыққан. Жалбыр жөнінде Қостанай, Торғай, Ақмешіт (Қызылорда) өңірінде әңгіме-жырлар, ел аузына аңыз болып тараған. Ораз, Кеншімбай ақындар жырға қосқан.


04 мамыр 2015 ж. 09:58
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x