Қашқынбай батыр

     Қашқынбай Кемелұлы (шамамен 1789 – 1869) – Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Қашқансу бойындағы Даулы көл қонысында (қазіргі Ақжар ауылы) өмір сүрген батыр. Кіші жүздің Қожагелді руынан. Бұхарбай, Тоғанас батырлармен Кенесары жасағында бірге болған. Кенесары ханның баласы Тайшықты қырғыздардан босатып алу қимылдарына басшылық жасаған. 1860 ж. күзде Тайшық пен Ахметтің Қызылқұмға орнығуына көмектескен.

     Қашқынбай батыр туралы Т.Ізтілеуовтің «Ел қамын жеген ерлер» атты толғауында және т.б. Сыр бойы ақындарының жырларында айтылады.

   Қашқынбайдан Ылаубай, Қылауша, Алқаубай, Қабылан туады. Қашқынбай батырдың ұрпақтарынан өңкей батырлар шыққан. Жіңішкеқұмдағы батырдың зираты тұрған жер Қашқынбай есімімен аталады.

 

04 мамыр 2015 ж. 10:53
0 қарау
Пікір
3
Азаматов Руслан 17 маусым 2019 00:37
Сәлеметсіздерме!!! Сіздерге Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданынан пікір қалдырып отырмын. Сіздерде КІШІ ЖҮЗ-БАЙБАҚТЫ-ҚОЖАГЕЛДІ РУЫ ТУРАЛЫ мәлімет барма екен. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында ҚОЖАГЕЛДІ руынан  бірнеше түтін бар деп естігенмін. Болса бөлісе аласыздарма? Қожагелді руының шежіресін таба алмай жүрмін.
АЛДЫН АЛА РАХМЕТ!!!
Цитировать         

комментариев публикаций
Ораз 12 сәуір 2020 10:41
Ассалаумағалейкүм. Менің нағашым Қожекелді,куандария ауылында тұрады
Цитировать         

комментариев публикаций
Менің әкем біледі барлық шежірені,біз Қашқынбай батырдың ұрпағымыз.Қармақшы ауданынанбыз. Қожакелдіміз
Цитировать         

комментариев публикаций
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: