KITAPKHANA.KZ
kz ru

Сарман батыр

      Сарман Жантілеуұлы шамамен 1771 жылдағы Жаңадария өзені бойында туып, Аққыр тауы маңындағы Қаракөлде 1843 жылы қайтыс болған. Бәйтік, Жанқожа батырлармен, Үбіс бимен қатар жүріп, дос-жаран, Бұқарбай, Сейіл, Байқадам батырлармен жақсы қарым-қатынаста болған. Үбіс бимен екеуі халықты отырықшылыққа бастаған.

     1836-1842 ж. қоқандықтардан 60 мыңдай қой, тағы да басқа төрт түлік малды, жаудың қолына түскен жас әйелдерді босатқан оқиғаның ішінде Сарман да болған. Сарман Шөмекей руының аға биі болып сайланған. Сарман батырды қоқандықтар үзеңгісіне у жағып өлтірген.

     1844 ж. Жалағаш ауданының Аққыр ауылының маңындағы Қаракөлде шаршы түрінде, қам кесектен басына үйтам тұрғызылған. Жалпы көлемі 212 м². Порталды, күмбезді болып келген, қабырғасының биіктігі 2,15 м.

     1838-1840 жылдар Сарманның өзі бас болып қаздырған арығынан талай жан 1922,1932 жылдардағы ашаршылықта егін егіп, күн көріс жасауына септігін тигізіпті. Сарман арығы жөніндегі деректер 1889,1910,1912 жылдарғы кітаптарда кездеседі.

     Сарман жайлы 1890 жылдардағы орыс құжаттарында кездеседі. Оған Балқы Базар, Шораяқтың Омары, Тұрмағамбет Ізтілеуов, Шегебай Бектасұлы, Шоңбай Жұбанұлы, Сағынбай Тұрғынбайұлы өлең-жырларын арнаған.

      Сарман батыр әкеден жалғыз болса да, оның ұрпағы көп болып, өсіп-өнді. Оның үлкен баласы Қожакелді би болып, ел басқарса, Дәрмені Жанқожа батыр қосынында болып батыр атанды. Батырдың бүгінгі ұрпақтарының арасында да ел тізгінін ұстаған азаматтар мен білім, өнер, мәдениет жолын қуған ұрпақтары баршылық.

04 мамыр 2015 ж. 13:06
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x