Сәлтеке батыр

     Сәлтеке Мәметекұлы (туған, өлген жылдары белгісіз) – Сыр өңіріне белгілі би әрі батыр. Кіші жүздің алтын руынан шыққан. Сәлтеке батыр 1711 ж. Еділ бойында башқұрттармен болған үлкен дауда башқұрттың Алдар биімен жүздесіп, ел арасындағы жанжалды бейбіт жолмен шешкен. 1719 ж. қалмақ билерімен де кездесіп, ұтымды келесімге келген.

     1803 жылғы дерек бойынша, Сәлтеке бидің ұрпақтары Туған би мен Барқы батыр алтын руының бес мың шаңырағын басқарып, Троицк мен Бұқара арасында сауда жүргізген. Барқы есімі алтын ұран болған. Сәлтеке би мен оның ұрпақтары туралы деректер «қазақ-орыс қатынастары» құжаттарында кездеседі. Бүгінде Қармақшы өңірінде «Мәметек арығы», «Сәлтек төбесі» атты жерлер бар.

04 мамыр 2015 ж. 13:08
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: