KITAPKHANA.KZ
kz ru

Тоғанас батыр

     Тоғанас Бәйтікұлы (1813-1864/67) - батыр, би. Кіші жүз құрамындағы Шөмекей руынан шыққан. Сырдарияның төменгі ағысы  бойында туып-өскен.

      Хиуа және қоқан хандықтарының жергілікті халыққа жасаған озбырлық әрекеттеріне қарсы тұрған. Тоғанас батыр қарақалпақ,  түрікпен бектерімен де соғысып, олардың Сыр бойынан ауа көшуіне ықпал еткен. Хиуалықтармен бірнеше рет Қуандария  бойындағы Аққыр тауы маңындағы «Қарақ» деген жерде айқасып, Қожанияз бекті ойсырата жеңіп, «Қожанияз – қамал бекінісін  жойып жіберді. Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысына қатысып, шөмекей жасағын басқарған.

      1845-1852 жылдары қоқандықтар мен хиуалықтардың бірнеше шабуылын тойтарып, барымталаған малдарын қайтарған. Тоғанас  Бәйтікұлының өзінің арнайы мөрі, әкесі Бәйтік батырдан қалған ақ туы болған.

    Тоғанас батырдың ерліктері ауызша, жазбаша деректерде, тарихшылар Ермахан Бекмаханов пен Жанұзақ Қасымбаевтың  еңбектерінде, ақын Тұрмағанбет Ізтілеуовтың «Назым», зерттеушілер Қамал Бердәулетовтың «Бұқарбай батыр», Тынышбек  Дайрабайдың «Тоғанас батыр», «Сырдың сырлы сыры», Әбдісәттар Оспановтың «Жанқожа батыр» кітаптарында және «Келмембет  батыр», «Жолбарысты Төребай би» жинақтарында көрініс тапқан.

        Қызылорда қаласы мен Жалағаш, Тереңөзек (Сырдария), Жосалы кенттеріндегі көшелерге Тоғанас батырдың есімі берілген.

04 мамыр 2015 ж. 13:21
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x