АҚНИЯЗОВ ИБАДУЛЛА Ақниязов Ибадулла
1929 жылы Қызылорда облысының қазіргі Сырдария ауданы Қызыл диқан ауылында дүниеге келген. Еңбек ардагері, Социалистіқ Еңбек Ері (1949). Еңбек жолын
бұрынғы Тереңөзек ауданы Ленин атындағы ұжымшарда бастаған. 1954 жылдан
СОКП-ның ХХІ съезі атындағы кеңшарда күрішшілер звеносын басқарды. И.Ақниязов
атақты күрішшілер Ким Ман Сам мен Ыбырай Жақаевтың тәжірибесін үйреніп, агротехника жөніндегі білімін тереңдете берді, сөйтіп жоғары өным жолындағы
күресте өз күшін сынып көрді. Ол басқарған ұжым 1949 ж. 18 гектар егістен 34
центнерден бидай алды. Бұл жетістік егіншіні еліміздің озат күрішшілерінің
қатарына қосты. СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1949 жылғы 11 мамырдағы
жарлығымен Ибадулла Ақниязов Социалистік Еңбек Ері атағын алды. Қазақ ССР
Жоғарғы Советінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Бірнеше рет ауылдық,
аудандық Кеңестің депутаты болды. 1971 жылдардан бастап тікелей мал шаруашылығымен айналысты.
|