АЛТАЙБАЕВА ҰЛБАЛА

     Ұлбала Алтайбаева 1923 жылы 3 қаңтарда Шиелі ауданының «Еңбекші» ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын қырықыншы жылы Күнбай ағасына көмекші болудан бастады. Ер-азаматтар Отанды қорғауға аттанғанда олардың орнын басты, еңбек майданының алдыңғы шебінде болды. Жастайынан ауыр бейнетке шыңдалған Ұлбала атақты диқан Ким Ман Самнан тәлім-тәрбие алды. Жақаевшылар қозғалысының бел ортасында жүріп, Сыр өңірінің қыз-келіншектеріне үлгі-өнеге болды.

     Соның нәтижесінде 1966 жылдан бастап жоғары өнімге қол жеткізіп, 1972 жылы күріштің әр гектарынан 109, 1973 жылы 107 центнерден аса өнім жинады. Осы табыстары үшін Ұлбала Алтайбаеваға 1972 жылы Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Он үш ұл мен қыз тәрбиелеп өсіріп, Батыр ана атанды. Ұ.Алтайбаева бірнеше рет облыстық, аудандық Кеңестердің депутаты, аудандық партия комитетінің бюро мүшесі болып сайланды. Ал 1974 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, араға уақыт салып, комсомолдардың Бүкілодақтық ХІҮ, Одақтық кәсіподақтың ХҮІІ съездеріне, сонымен қатар Москвада өткен Азия әйелдерінің конгресіне делегат болып қатысты.1976 жылдан жүгері өсіріп, егістіктің әр гектарынан 190 центнерге дейін өнім алды.Ленин, 1,2,3 – дәрежелі «Ана даңқы» және «Ардақты ана» ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

     1978 жылы Одақтық дәрежедегі құрметті демалысқа шыққаннан кейін де еңбектен қол үзген жоқ. Батыр ана Ұлбала Алтайбаева 2007 жылы 27 тамызда дүниеден озды.
04 мамыр 2015 ж. 14:02
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: