АХМЕТОВ АМАНКЕЛДЫ

      Аманкелді Ахметов 1942 жылы Сырдария ауданы, Жамбыл атындағы колхозда дүниеге келген. 1959 жылы  Қызылорда механизаторлар мектебін бітіргеннен кейін Жымбыл атындағы колхозда механизатор болып жұмыс  атқарды. 1965 жылдан бастап Қызылорда аймақтық сынау станциясында жүргізуші болып жұмыс атқарды. 1968  жылдан жаңа құрылған күрішшілер комплексті-механизаторлар бригадасында еңбек етті. Аманкелді басқарған  звеносы жоғарғы көрсеткіштерге ие болып, ұжым жақаевшылар сапындағы ең үздік ұжымдардың бірі болды.  Күріштің әр гектарынан 70-90 центнерден өнім алынды. Ал Аманкелдінің жеке өз учаскесінің көрсеткіші 100-120  центнерге дейін көтерілді.

    1980 жылы озық тәжірибені енгізгені үшін Аманкелді Ахметовтың звеносына Қазақстанның 60 жылдығы  атындағы атақ берілді. Оныншы бесжылдықта Аманкелді екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, Ыбырай Жақаев  атындағы жүлдеге үш рет ие болды. Ленин және Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған.

 Аманкелдінің еңбектегі қол жеткен табыстары, Социалистік міндеттемені орындағаны, Мемлекетке өнім сатудағы  1980 жылғы 1 миллиард пұтқа қосқан үлесі, оныншы бесжылдықта астық өнімдерін артығымен орындағаны үшін СССР Жоғарғы Советінің Президиумы Жарлығымен оған Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

04 мамыр 2015 ж. 14:46
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: