KITAPKHANA.KZ
kz ru

ӘБІШЕВ ОРАЗБАЙ

   Әбішев Оразбай 1930 жылы 10 маусымда Қызылорда облысы Сырдария ауданы, Комсомол кеңшарында  (қазіргі Қызылорда қаласы, Қызылжарма ауылы) дүниеге келді. Қазақстанның Құрметті теміржолшысы (1974),  Социалистік Еңбек Ері (1981), Қызылорда қаласының құрметті азаматы.

    1942-1949 жж. туған аулында түрлі жұмыстарда істеді. Қызылорда қаласындағы №11 темір жол училищесін  бітіргеннен кейін, депода слесарь болып жұмыс істейді, әуелі паровоз, содан кейін локомотив депосында жұмыс  істеп, осы мекемеден зейнет демалысына шығады. Алғашқыда паровоз жөндеуші слесарь болған О.Әбішев 50-ші  жылдары Қызылорда локомотив депосы алғашқылар қатарында тепловоз тартымына көшкен шақта жаңадан  құрылған тепловоз жөндеу цехына ауысып, табан аудармай 35 жылға жуық қажымай еңбек етті. Басшылықтың  өтінішімен тепловоздың электрлі қозғалтқыш құрылғыларын жөндеуді қолға алды. Оны шебер игерген соң,  электроцехтан көтерме цехына ауысты. 37 жасқа толған қылшылдаған жігіт шағында 6-шы санатты тепловоз  жөндеуші-слесарь атанып, аты бүкіл одақ темір жолына жайылды. Үлкен цехта жұмыс істеп жүрген кезінде  Оразбай Әбішұлына «Үздік маман» мәртебесі беріліп, ал цехы «Үздік цех» атанды. Қарапайым слесарь болып бастаған О.Әбішев дайындау цехының бригадирі, тепловоз жөндеудің аға слесарі, слесарь-сынақшы мамандықтарын мінсіз игеріп қана қоймай, өндіріске 50-ден аса рационализаторлық ұсыныс енгізді.

    Оразбай Әбішевке 1974 жылы 17 қыркүйекте "Қызылорда қаласының құрметті азаматы" атағы, 1981 жылы 2 сәуірде Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Оның аты Қазақ ССР-ның алтын кітабына жазылған. 2 мәрте Ленин орденімен, Октябрь Революциясы ордені, медальдармен марапатталған. Облыстық және қалалық кеңестердің депутаты болып сайланды.

04 мамыр 2015 ж. 15:07
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x