KITAPKHANA.KZ
kz ru

БӨДЕЕВ ҚАСЫМ

     Қасым Бөдеев 1900 жылы қазіргі Қарағанды облысы Байқоңыр ауданында дүниеге келген. Қазақстанның еңбек ардагері, Социалистік Еңбек Ері (1966). 1932 жылдан Тереңөзек ауданы Амангелді атындағы ұжымшарда күрішші, 1952 жылдан күрішшілер звеносын басқарды. 1956 жылы Қасым Бөдеев басқарған звено 40 гектар күріштің әр гектарынан 51 центнерден өнім жинап, осы еңбектегі табысы үшін Ленин орденімен марапатталады. 1956-1966 жылдар арасында әрбір гектардан орта есеппен 50-60 центнерден өнім келтірді. Көп жылғы тәжірбиесі мен ерен еңбегінің арқасында 1966 жылы Қасым Бөдеевтің звеносы 20 гектар күріштің 107,6 центнерден алтын дән жинап, үздік көрсеткішке қол жеткізген. ССР Жоғарғы Президиумның 1966 жылғы 22 маусымдағы Жарлығымен оған Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Қазір Қасым Бөдеев атындағы көше, оған қойылған ескерткіші бар. Ауыл, аудан, еңбекшілері Қ.Бөдеевтің еңбегін құрметпен атап, қадірлейді.
04 мамыр 2015 ж. 15:51
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x