КЕРЕЙТБАЕВ ДҮЙСЕНБАЙ

        Керейтбаев Дүйсенбай бұрынғы Тереңөзек ауданының Құндызды ауылында (Қызылдихан колхозында) 1885 жылы туған. Мал, егін шаруашылығымен айналысқан. 1929 жылдан «Қызыл диқан» колхозының мүшесі болған. Алғашқы кезде сушы, одан соң күрішшілер звеносының жетекшісі болып істеген. «Қызылдихан» колхозында 1941-1942 жылдары күріш еккен. 1942 жылы Д.Керейтбаевтың звеносы 10 гектардан 56 центнерден, 1943 жылы 8 гектардан 61 центнерден өнім алады. Соғыс жылдарында Отан қорғау қорына 150 пұт астық және Қазақстан танк колоннасын жасауға 145 мың сом қаржы қосады. 1945 жылы ол Еңбек Қызыл Ту орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. 1948 жылы әр гектардан 91,6 центнерден рекордтық өнім алғаны үшін СССР Жоғарғы Советінің Президиумы 1949 жылғы 20 мамырдағы Жарлығымен Д.Керейтбаевқа Социалистік Еңбек Ері атағын берді.

        Д.Керейтбаев жайында ақын А.Тоқмағамбетов, Ж.Сыздықов, Ә.Байкенов өз жырларын арнаған. 1965 жылы қайтыс болды.

04 мамыр 2015 ж. 16:54
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: