ЛЕПЕСОВ ӘЛМҰРАТӘлмұрат Лепесов 1881 жылы Қызылорда облысы Арал ауданындағы Қамбаш ауылында дүниеге келген. «Абай» және «Қазақстанның ХХ жылдығы» колхоздарының, кейін «Қарақұм» қой совхозында егінші, жылқышы және шопан болды. 1944 жылы Әлмұратты өзінің өтініші бойынша қой фермасына ауыстырды, мұнда ол көп ұзамай-ақ үздік шопан атанды. Оның бағуындағы саулықтардан ең көп қозы алынып жүрді. С.Жансүгіров, С.Сәкиев, А.Жәрікеев және басқа шопандар одан қой бағудың әдісін үйренді. 1947 жылы қазақы тұқымдас 433 саулықтан 575 қозы алуға жетті. СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1948 жылғы 23 шілдедегі Жарлығымен Әлмұрат Лепесовке Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Бұдан кейін ол колхозда он жылдай істеді, ал оның негізінде Қарақұм қой совхозы құрылғанда қайтадан бір қора қойды қабылдап алды. 1959 жылы зейнетке шықты, 1966 жылы қайтыс болды. |