ХАЛЫҚОВ АХМЕТХалықов Ахмет 1926 жылы Сырдария ауданы Жеріктал қонысында туылған. Еңбек ардагері. Еңбекке 15 жасынан араласқан. 1941 – 59 жылдары қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы «Көксу» кеңшарында шопан болып жұмыс істеген. 1959 жылы Қызылорда облысы Сырдария ауданы «Комсомол» кеңшарына көшіп келді. 1962 жылдан «Қараөзек» кеңшарында қой шаруашылығы бригадасының бригадирі. 1965 жылы әр 100 саулықтан 185-тен қозы, әр қойдан 3,1 кг жүн, қаракөл елтірісінің 82%-ын бірінші сортпен өткізді. Осындай көрсеткіштерін ескеріп СССР Жоғары Советі Президумының 1966 жылғы Жарлығымен Ахмет Халықовқа Социалисттік Еңбек Ері атағы берілді. «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. |
Гости7
Роботы23
Список пользователей
bolgupittay517
Был(a) в сети 3 часа назад
Кітапхана тарихы
Кітапхана алғаш рет 1867 жылы Перовск қаласында (қазіргі Қызылорда) Ақмешіт уезінің әскери бекінісінің халқы үшін ашылды. Кітапхана Ресейдің қалаларынан революциялық қозғалысқа қатысқаны үшін патша үкіметінен жер аударылған озық прогрессивті ойлы адамдармен ұйымдастырылды. Кітапхана...
Толығырақ