ӘЛИСОВ ДОЛДАШДолдаш Әлісов 17 қыркүйек 1902 жылы Ақмола губерниясы, Азат уезінің №2 ауылында дүниеге келді. 1920-1929 жылдары осы уездің «Тыныбай» ауыл шаруашылық артеліне кіреді. 1929 жылы қаржы агенттігінің курсын,1949 жылы КОКП ОК Жоғары партия мектебін бітірді. 1930-1932 жылдары Қарағанды облысының Қарқаралы, Ворошилов аудандарында аудандық атқару комитетінің төрағасы, 1939-1942 жылдарда Ақмола облысы қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі, 1943-1950 жылдарда Ақтөбе облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1950 жылдың желтоқсан айынан өмірінің соңына дейін Д.Әлісов еңбекшілер депутаттары Қызылорда қалалық атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарады. Қызылорда қаласын көркейту жұмысына орасан зор күш жұмсайды. Долаш Әлісов «Еңбек Қызыл Ту» және «Құрмет белгісі» ордендерімен, 1941-1945 жылдарда Ұлы Отан соғысы кезіндегі «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, 2 мәрте Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 1974 жылы 17 қыркүйекте «Қызылорда қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді. 1961 жылы 2 қарашада Қызылорда қаласында дүние салды. |