ЖАРҚЫНБАЕВ ЗЕЙНОЛЛА КӨШТАЙҰЛЫ

   Жарқынбаев Зейнолла 1914 жылы 5 мамырда Қызылорда облысының Жалағаш ауданында дүниеге келген. 1935 жылы Республикалық халық ағарту комиссары Темірбек Жүргенов пен өлкелік партия комитеті насихат және үгіт бөлімінің меңгерушісі Ілияс Қабыловтардың жәрдемімен Алматыда ашылған Коммунистік Журналистер Институтына түседі де, оны 1938 жылы үздік бағамен бітіреді. Арада 10 жыл өткен соң саяси теориялық білімін тереңдету мақсатымен Мәскеудегі жоғары партия мектебін тағы жа жоғары бағамен аяқтап шығады.

   З.Жарқынбаев бес жылдай Шымкент облыстық партия комитетінің хатшысы, бес жыл Республикалық "Социалистік Қазақстан" (қазіргі "Егемен Қазақстан") газеті редакторының бірінші орынбасары, 7 жыл Қызылорда облыстық "Ленин жолы" ("Сыр бойы") газетінің редакторы және 18 жылдай Қызылорда облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары болып еңбек еткен. 30 жылдай Шымкент және Қызылорда облыстық кеңестеріне депутат болып сайланған. Бірнеше орден, медальдармен марапатталған.

08 мамыр 2015 ж. 16:41
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: