ХАН ЕВГЕНИЙ ХАРИТОНОВИЧ

    Евгений Харитонович Хан 1934 жылы 23 тамызда Хабаровск қаласында дүниеге келді. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіргеннен кейін ол өз еңбек жолын Жамбыл облысында журналист болып бастады. Одан кейін Қызылорда облыстық радиосында, облыстық "Путь Ленина" газетінде тілші болып қызмет етті. Қызылорда қаласы партия комитетінде бөлім меңгерушісі болды.

    Мәскеу жоғары партия мектебін бітіргеннен кейін облыстық партия мектебін бітіргеннен кейін облыстық партия комитетінде жұмыс істеді, облыстық баспа істері жөніндегі және полиграфия, кітап саудасы басқармаларының бастығы болды.

    Евгений Харитоновичтің шығармашылық өмір жолының үлкен бөлігі облыстық "Кызылординские вести" газетімен тікелей байланысты. Ол мұндаәдеби қызметкерліктен бастап, газеттің бас редакторлығына дейін көтерілді. Ол бұл қызметте 1984-1998 жылдар аралығындағы 14 жыл уақытын жұмсады. 2000 жылдың 2 қазанында "Қызылорда қаласының құрметті азаматы" атағы берілді.

08 мамыр 2015 ж. 18:07
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: