KITAPKHANA.KZ
kz ru

Құжаттарды жинақтау, өңдеу және каталогтар ұйымдастыру бөлімі


 

Бөлімнің негізгі міндеттері.

1. Облыстық кітапхананың қорын кітаптармен,   ноталық басылымдармен, аудио, бейне материалдармен жүйелі түрде толықтыру, өңдеу, каталогтандыру.

2. Әдебиеттерді ғылыми өңдеуден өткізу - каталогтеу саласында қолданылатын ұлттық стандарттар мен ережелерге сәйкес құжаттарды  индекстеу және библиографиялық сипаттама жазу.

3. Кітапханада каталогтар жүйесін жай және электрондық форматта ұйымдастыру, жүргізу және жетілдіру; 

4. Жаңадан түскен әдебиеттерді кітапхананың  құрылымдық бөлімдеріне уақытылы жеткізу.

5. Есептен шығарылатын басылымдарды есеп құжаттарынан шығыстау.

6. Кітапхананың кітап қорының электронды деректік базасын жасауға қатысу.

7. Облыс кітапханаларына әдістемелік көмек көрсету.

Каталогтар залында

- каталогтар ұйымдастырылады және жүргізіледі;   
- оқырмандарға анықтамалық - кеңесшілік қызмет көрсетіледі;
- электрондық каталог арқылы тапсырысты іздеуде ақпараттық мағлұмат беріледі.

Залда төмендегі дәстүрлі карточкалы каталогтары орналасқан:
1. "Қазақстан кітаптары” қоры: (қазақ және орыс тілдеріндегі әліпбилік және жүйелік каталогтар)

2.  Жалпы қор:  (әліпбилік және жүйелік каталогтар, қазақ және орыс тілдеріндегі әліпбилік пәндік көрсеткіш,көркем әдебиет атауларының көрсеткіші).
3. Авторефераттар   қоры: (қазақ және орыс тілдеріндегі әліпбилік және жүйелік каталогтар) 
4. Мерзімді   басылымдар қоры: (қазақ және орыс тілдеріндегі әліпбилік және жүйелік каталогтар) 

Электронды мәліметтер  базасы:
1. Кітаптар/Книги
2. Мақалалар/ статьи
3. Авторефераттар
4. СD-ROM,VIDEO, AUDIO
5. Өлкетану (қаз)
6. Краеведение (рус)
7. Сирек кітаптар қоры
8. Тәуелсіз Қазақстан
9. Сценарийлер
10. Журналдар
 

Бөлім меңгерушісі:

Жүсіпова Бахыт

Байланыс тел.: +7-724-240-02-99, 223-14-16

120008, Қызылорда қ., Абай даңғылы, 53д



 

13 қаңтар 2015 ж. 16:28
2 қарау
x