Ақпараттық –библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының негізгі құрылымдарының бірі болып саналады. Бөлімнің қызметкерлері пайдаланушыларға ақпараттық және анықтама-библиографиялық қызмет көрсетеді, әртүрлі тақырып бойынша библиографиялық құралдарды дайындайды, мәліметтер базасын қалыптастыру жұмыстарын жүргізеді.
Басты бағыттары:
- анықтама – библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсету;
- ауызша және жазбаша анықтамаларды орындау;
- кітапхананың анықтамалық-библиографиялық аппаратын жүргізу;
- толық мәтінді ДБ қалыптастыру;
- баспа жұмыстары.
Негізгі міндеттері:
- кітапхананың анықтама-библиографиялық аппаратын жаңа мәліметтермен жедел
толықтыру және құру;
- анықтама – библиографиялық қызмет көрсету ( анықтамаларды орындау: тақырыптық,
мекенжайлық, фактографиялық, статистикалық және т.б.);.
- библиографиялық құралдарды қолдану мәселелері бойынша оқырмандарға кеңес беру;
- библиографиялық құралдар, тізбелер құрастыру;
- виртуалды анықтамалық қызмет көрсету;
- деректер базасынан ақпарат беру;
- Қазақстандық корпоративтік каталогтау Орталығының жұмысына қатысу.
Бөлімде энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалықтар, статистикалық жинақтар, әдебиеттердің библиографиялық көрсеткіштері, Қазақстан Республикасының кітап палатасының шежірелері, ҚР Ұлттық кітапханасының басылымдары жинақталған.
Виртуалды анықтама қызметі алыс қашықтықтағы пайдаланушылардың сұраныстарын орындайды.
Бөлім меңгерушісі: Махамбетова Алтынай Амановна
Байланыс телефоны: 8 (7242) 23-14-17
E-mail: altynay_1968@mail.ru
|