«Жаңа Жолдау, жаңа мақсат» атты танымдық сағат өтті.7 сәуір күні облыстық кітапханада «Жаңа Жолдау, жаңа мақсат» атты танымдық сағат өтті. Танымдық сағаттың мақсаты: Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауымен таныстыру; жастардың жаңа экономикалық мәдениетін, мінез-құлығын қалыптастыруға; бастамашыл, жоғары білімді және бәсекеге қабілетті болуға ұмтылдыру; Жолдауды орындау – бұл Отанымыздың әр патриотының азаматтық парызы, жауапкершілігі және ар-ожданы екендігін ұғындыру. «Тірегіміз – тәуелсіздік тілегіміз –тұрақтылық білегіміз -бірлік» атты кең көлемді кітап көрмесі жұртшылық назарына ұсынылды.
|