Фариза Оңғарсынованың жаңадан шыққан толық шығармалар жинағының тұсаукесерін өткізді.

    Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Фариза Оңғарсынованың жаңадан шыққан толық шығармалар жинағының тұсаукесерін өткізді.

    Жүректерді жан жылуымен epiтіп, поэзия әлемінің биік шындарын өз еркіне бағындырып, қиялға қанат сермеген мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың ақындығы – өз дәуірінің жемісі.

   Фариза Оңғарсынованың он екі томдық толық шығармалар жинағы – тұтас бір тарихи-әдеби дәуірдің идеялық-көркемдік бейнесін жан-жақты сомдаған рухани құндылығы. Он екі томдықтың әр томы – көзі қарақты оқырманға ризық болар бір-бір рухани қазына. Әрбір кітап беташары поэзиясы әдебиетіміздің классикасына айналған үркердей топтың ішінде өзіндік руханиятымен дара тұрған аяулы тұлға мен оның шығармалары туралы сыр-баянға толы.

     Тұсаукесерді Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты және көптеген жыр мүшайраның бас жүлдегері, жерлес ақын қызымыз Назгүл Бердіқожа ашты. М. Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінің аға оқытушысы Ахунов Бахытжан ақынның шығармашылығына тоқталды.

     2016 жылдың наурыз айында Астана қаласында «Фаризаның өлеңдері» атты байқауға қатысқан қаламыздағы №11 орта мектеп оқушылары З.Қонысжан, А.Сүлейменқызы, Н.Абдулла және «Болашақ» медициналық колледжінің студенттері ақын поэзиясынан шашу шашты.

    «Болашақ» медициналық колледжінің студенттері Рахымжан Отарбаевтың шығармасы бойынша «Фариза мен Мұқағали» атты көрініс қойды.

     Фариза Оңғарсынова шығармаларынан кітап көрмесі ұйымдастырылды.


 

 

 


 



22 сәуір 2016 ж. 08:50
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: