KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Білеміз – ойнаймыз» - ақылдылар сайысы

     Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі 23 маусым күні «Білеміз – ойнаймыз» атты ақылдылар сайысын өткізді. №198 орта мектептің «Планета детства» жазғы лагеріндегі балалар қатысты.

Мақсаты: оқырмандарды кітапханаға тарту, кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру. Балалардың білімге деген құштарлығын, ойлау қабілеттерін шыңдай отырып, білуге баулу, дүниетанымын, қызығушылығын арттыру, оларды шығармашылық ізденіске, ұқыптылыққа, бірлікке, ынтымақтастыққа, шапшаңдыққа, белсенділікке тәрбиелеу.

    Ақылдылар сайысы 12 айналымнан тұрды. Атап айтқанда: «Сәлемдесу», «Ширату», «Суретімді сал», «Сөзді аяқта», «Шрифтограмма», «Жауабын тап», «Ең зерек», «Бояма», «Оқиға ойлап тап», «Білімдар», «Сиқырлы сандықтағы ертегілер», «Сөзжұмбақ». Сайыс өте тартымды, әрі қызықты өтті. Шара соңында балалар флешмоб билеп, ертегі-фильм тамашалады.


 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

23 маусым 2016 ж. 19:04
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x