KITAPKHANA.KZ
kz ru

Үш тұғырлы тілдің ұрпағы

     2016 жылдың 15 қыркүйек күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Үш тұғырлы тіл» бағдарламасын кеңейту мақсатында 22-қыркүйек күні тілдер мерекесіне арнап «Үш тұғырлы тілдің ұрпағы» атты ток-шоу ұйымдастырды.

        Елбасы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында «Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны жария еткен болатын. Қазіргі таңда Елбасы тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Үш тұғырлы тіл» бағдарламасы белгілі бір деңгейге жетіп отыр.

     «Үш тұғырлы тіл» саясатын – елдігіміз бен бірлігіміздің тірегі деп қолдауға «Абылайхан» атындағы колледждің оқытушысы А. Нұрділдаева және осы аталмыш колледждің студенттері ток-шоуға қатысты.

        Қатысушылар «Үш тұғырлы тіл» саясаты - өмірлік қажеттіліктен туындаған идея. Қай заманда болсын, бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырғанын, сондықтан да, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатынына тоқталды. Елімізде «Үш тұғырлы тіл» саясатынан бөлек, әрбір ұлыс өз тілдерін еркін меңгеріп, өз тілдерінде сөйлей алады. Әрбір ұлттың өзінің ана тілдерінде еркін сөйлей алуы Қазақстандық демократияның айқын көрінісі екені және осындай саясат арқасында ғана әлемге танылып, жер жүзінде бейбітшілік үстемдігін жасай аламыз деген пікірлер айтылды.

          Осы мәдени шараға «Үш тілдің патшалығы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

 

 

 


15 қыркүйек 2016 ж. 11:00
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x