«Ақ күріштен тау тұрғызған нар тұлға» (Ы.Жақаевтың туғанына 125 жыл толуына орай ) ҚР Президентінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» мақаласындағы тапсырмаларын негізге ала отырып кітапханада 2016 жылдың 22 қыркүйек күні Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ыбырай Жахаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Ақ күріштен тау тұрғызған нар тұлға» атты портрет кеші ұйымдастырылды. Мақсаты: Үш дәуірдің куәгері болған, аты аңызға айналған диқаншының ерен еңбегін бүгінгі таңда жас ұрпаққа насихаттау.
Ыбырай Жахаев 1891 жылы Сыр бойында, қазіргі Шиелі ауданында дүниеге келді. Жастай жетім қалып, нан табудың ауыр тауқыметін, шер мен арманға толы жылдарды басынан кешірді.
Күріш шеберінің еңбегі жоғары бағаланып, Ленин орденімен 4 рет, Еңбек Қызыл Ту, «Халықтар достығы» ордендерімен және Бүкілодақтық халық шығармашылық жетістіктері көрмелерінің алтын медальдарымен марапатталған. Қарапайым еңбек қаһарманы төрт рет Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаттығына сайланып, 1947- 1955 жылдары Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының мүшесі міндетін атқарды. Бірнеше рет Қызылорда облыстық, Шиелі аудандық партия комитеттерінің мүшесі боп сайланды.
Шара Ы.Жақаевтың 125 жыл толуына орай түсірілген «Өмір жолы» деректі деректі фильмін көрумен басталды. Кешке қатысушы М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық, Қызылорда гуманитарлық –экономикалық, «Ұлағат» колледж студенттері Ә.Тәжібаевтың «Ағатай», М.Көкеновтың Ы.Жахаевқа т.б өлеңдерін оқыды, Ы.Жахаевтың қанатты сөздерін жатқа айтты.
Кеш соңында оқырмандар аты аңызға айналған Еңбек Ері жайында жазылған өмірі мен еңбектері жайлы кітаптар мен мерзімді басылымдар бетерінде жарияланған материалдар қойылған «Дән патшасы - Ыбырай» атты кітап көрмесімен танысты.
|