KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Бабалар сөзі – тәрбие көзі – жан азығы» (танымдық кеш)

     2016 жылдың 13 қазан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Бабалар сөзі – тәрбие көзі – жан азығы» атты танымдық кеш ұйымдастырылды.

     Кітапхана аванзалында «Бабалар сөзі» 100 томдық ауыз әдебиетінің жыр-толғаулары, қисса-дастандар, сөз ұстаған шешендер мен билерімізден қалған нақылдар, тарихи жәдігерлер, «Халық қазынасы» тақырыбы бойынша қазақ халқының салт-дәстүрлері, қолөнер, қару-жарақтары туралы мол мағлұмат беретін құнды әдебиеттерден ұйымдастырылған креативтік көрме, сұқбат кітап көрмесі, «Бабалар сөзі» кітабынан кітап инсталляциясы, дәстүрлі емес кітап көрмелері, даналар сөзі жазылған баннер қойылды. Тәуелсіздік жылдарында баспадан шыққан әдебиет туындылары түрлі пішінде орналастырылды. Экраннан «Даналар сөзі- ақылдың көзі» атты слайд көрсетілді.

   Танымдық кештің басты мақсаты: Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асқан «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында орындалған 100 томнан тұратын «Бабалар сөзі» атты қазақ фольклоры топтамасын, Ұлылардың даналық сөздері, өсиеті туралы- берері мол қазынаны ел-жұртқа толықтай таныстыру. Халқымыздың ата заманнан келе жатқан ұлттық мұрасының бірі ұлттық салт-дәстүр негізінде адамгершілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу. Ұлттық дүние таным негіздерін қалыптастыру. Бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат аларлық сөздерді жастарға түсіндіру, сол сөздерден өнеге алуға баулу. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы, бабалар мұрасына байланысты. Демек, бабаларымыздың өнеге өсиетін пайдалана отырып тәрбиелеуде ұлттық тұлғаның қалыптасатынын ұғындыру.

   Танымдық кешке Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Айман Ералықызы Айтбаева, филология ғылымдарының докторы, профессор Майгелдиева Шарбан Мусабековна, «Жас Отан» Жастар қанатының облыстық филиалының төрағасы А.Сабанбаев, студенттер, жастар және оқырмандар, клуб мүшелері қатысты.

    Қатысушылар адам баласы өмір көшінде қандай кезең, қандай заман, қандай кез келсе де, ұрпақ қамын, оның тәрбиесін бір сәтте де ұмыт қалдырмайтынына, әркім өзі өмірге әкелген ұрпағына ғұмырының жалғасы, болашағы ретінде қарайтынын айтты. Тәрбие –адам тағдырын шешетін ұлы іс. Халқымыз ежелден салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілін, дінін, өнеге-өсиетін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырғандығын жастарға кеңінен түсіндіреді.Мәдени шарада қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, жастар өз арасында пікір алмасты.

  «Ақсақ құлан» күй аңызынан көріністі тамашалап, қатысушылар арасында тәрбиеге байланысты мақал-мәтел айтудан сайыс ұйымдастырылады. Жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталады. Сұқбат көрме жанында ауызша сұрақтар қоя алмайтын оқырмандар мен жастар өздерін толғандырып жүрген сауалдарына кітаптар арқылы жауаптарын тауып алады. Өнерлі жастар дәстүрлі әннен шашу шашты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


13 қазан 2016 ж. 17:23
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x