«Терроризм – қазіргі заманның жаһандық проблемасы» атты эссе-сайысты қорытындылады.

   28-қазан күні балалар әдебиеті бөлімі оқушылар арасында «Терроризм – қазіргі заманның жаһандық проблемасы» атты эссе-сайысты қорытындылады.

   Қорытынды шараға №12 І.Қабылов атындағы орта мектептің тарих және әдебиет пәнінің мүғалімдері: Г.Жұмабекова, Г.Күнтуова және осы мектептің 8-9 сынып оқушылары қатысты.

   Эссе-сайысқа қатысқан оқушылар өз шығармаларында терроризмнің зардабы мен қоғамға келетін зияны туралы, қазіргі таңдағы ахуал жайында өз ойларын айқын жеткізе білді. Сайысқа сегіз оқушы қатысты. Қазылар алқасы шығармаларды бағалай отырып №12 І.Қабылов атындағы орта мектептің 9 «Ә» сынып оқушысы Ашен Ақнұрды І-дәрежелі және 8 «В» сынып оқушысы Қыдыралиева Нұрайым Құрманәліқызын ІI-дәрежелі дипломдарымен марапаттады. Басқа да қатысушыларға кітапхана әкімшілігі атынан Алғыс хаттар берілді. Шара соңында оқушыларға осы тақырыпта дайындалған бейнефильм көрсетілді.


 

 

 

 

 

 


 

28 қазан 2016 ж. 15:48
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: