«Мәңгілік Қазақстан жобасы - жаңа дәуірдің келбеті»2016 жылдың 17 қазан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасыда «Мәңгілік Қазақстан жобасы - жаңа дәуірдің келбеті»тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мақсаты:Жастарға «Қазақстан -2050» стратегиясының маңызы мен мақсатын түсіндіру арқылы Мәңгілік Ел-идеясының маңызын түсіну, Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. Шара барысында жалпыұлттық «Мәңгілік ел» идеясының мән-маңызы сөз болып, жастардың патриоттық тәрбиесіне және оларды еріктілер қозғалысына жұмылдыру сынды мәселелерге аса ден қойылды. Дөңгелек үстелдің модераторы .«Жас Отан» ЖҚ Қызылорда қалалық бөлімшесінің басшысы Тілес Талғат Оспанұлы «Мәңгілік ел» идеясының еліміз үшін маңызды екенін ескере отырып, бәсекеге қабілетті болу үшін бүгінгі жастардың біліммен қаруланулары тиіс екендігін тілге тиек етті. «Жас Отан» ЖҚ Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Абылайхан Сабанбаев өз сөзінде жалпы, «Қазақстан – 2050» Стратегиясына жан-жақты тоқтала отырып, «Мәңгілік Ел» Патриоттық Акті, біріншіден, жастарға бағытталған ұлттық идеяны құрайтындығы туралы ұтымды ойларын айтты. Ұлағат» колледжінің арнайы пән оқытушысы Абдимомынова Мизамкул Шакирбековнааласапыран мен дүрбелеңге толы ғасырларды бастан өткізген қазақ елінің тарихынан сыр шертті. Дөңгелек үстелге қатысқан «Ұлағат» колледж студенттері «Мәңгілік ел» туралы өлеңдер оқыды. Бүгінгі жиыннан, Елбасының «Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі биік болады» деген сөзін жүректеріне ұялатқан жастар өздеріне аса үлкен жауапкершілік жүктелгенін ұғынып, талай игілікті істер атқарамыз деген оймен тарқасты. Шара соңында жиынға қатысушылар «Мәңгілік ел біздің ұлы-Қазақстан» атты кітап көрмесімен танысты.
|