«Білімді мыңды жығады» интеллектуалдық сайыс

    Қай заманда да білімге құштарлық, білуге, ізденуге құлшыныс өмір талабы, табиғи және рухани қажеттілік, ол әр адамға шабыт тудырады.

   2016 жылдың 17 қараша күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 3К-169/5 түзеу мекемесінде «Білімді мыңды жығады»атты интеллектуалдық сайыс ұйымдастырды.Сайысқа 200-ден астам жазасын өтеушілер мен мекеме қызметкерлері қатысты.

  Сайыстың мақсаты : Қатысушылардың көңілдерін сергітіп, ойларын қозғау, қабілеттерін, дүниетанымын, қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық ізденістерін ояту.

    Сайыс : Мықты болсаң тауып көр», «Жүйрік болсаң шауып көр»,«Ұтқыр болсаң тауып көр», «Ойлы болсаң озып көр», «Бәйге» айналымдарынан тұрды. Сайысқа «Сұңқар», «Тұлпар» командалары қатысты. Ой мен білім жарысында «Сұңқар»командасы жеңіске жетіп, өз белсенділіктерін көрсетті.

17 қараша 2016 ж. 09:52
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: