«Тарих. Тұлға. Елбасы»

   28-30 қараша күндері Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша Департаментінде Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және 1-желтоқсан -       Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай «Тарих. Тұлға. Елбасы» атты көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырды.

    Көрменің мақсаты - Елбасының өмірі мен қызметін, мемлекетіміздің тәуелсіздігінің қалыптасуындағы оның тарихи рөлін көрсету болып табылады.

    Көрмеде көрнекті саясаткер, тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың егемен елді қалыптастыру жолындағы ерен еңбегін айшықтайтын туындылары, елбасының балалық, жастық шағы жайындағы естеліктері, тарихи-танымдық, руханият туралы шығармалары, сөйлеген сөздері, фотосуреттер қойылды. Сонымен бірге әлемдік мемлекет басшыларының, дипломаттардың, қоғам және дін өкілдерінің ыстық лебіздері, құттықтаулары, очерк пен жинақтары, ғылым қайраткерлерінің мақалалары, тәуелсіз Қазақстанның жаңа Астанасы туралы кітаптар қойылды.

   Кітап көрмесі департамент қызметкерлеріне Ұлт көшбасшысының өмірі мен саясат алаңындағы салып келе жатқан дара жолымен, Тәуелсіздік жолындағы тарихи мәліметтермен кеңінен танысуға мүмкіндік берді.

29 қараша 2016 ж. 15:25
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: