«Әбіш Әлемі» кітап көрмесі2016 жылдың 30 қараша күні М. Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледж ұжымы Облыстық білім басқармасы, Оқу әдістемелік орталығымен бірлесе отырып, «Әбіш заманымыздың заңғар жазушысы» тақырыбындағы әдеби-танымдық кеш ұйымдастырды.Шараға өңірдегі зиялы қауым өкілдері, жастар, оқырмандар қатысты. Кеште Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері «Әбіш Әлемі» атты кітап көрмесіне шолу жасап , Әбіш Кекілбаевтың - қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік тарихи романдары "Үркер»,"Елең-алаң",«Аңыздың ақыры»,«Ханша-дария хикаясы»,«Шыңырау»,«Күй»шығармаларына шолу жасап қаламгердің шығармаларын оқуға шақырды.
|
Роботы24
Кітапхана тарихы
Кітапхана алғаш рет 1867 жылы Перовск қаласында (қазіргі Қызылорда) Ақмешіт уезінің әскери бекінісінің халқы үшін ашылды. Кітапхана Ресейдің қалаларынан революциялық қозғалысқа қатысқаны үшін патша үкіметінен жер аударылған озық прогрессивті ойлы адамдармен ұйымдастырылды. Кітапхана...
Толығырақ