«Тәуелсіздігім – теңдігім» атты тарихи-танымдық сағаты

   2016 жылдың 9 желтоқсаны күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап «Тәуелсіздігім – теңдігім» атты тарихи-танымдық сағат өткізді.

    Мақсаты: Жастарға Тәуелсіздіктің киелі де қастерлі ұғым екенін, сонау сан ғасырлар бұрын ата-бабаларымыздың армандап, көкейлерінде күй боп күмбірлегенін бүгінгі жас ұрпаққа үйрету. Осы тәуелсіздікке жету жолында кешегі 1986 жылғы күллі әлемді дүр сілкіндірген қанды желтоқсан оқиғасында талай боздақтарымыздың «Жаным-арымның садақасы» - деп, Тәуелсіздік туын желбіреткенін саналы ұрпаққа жеткізу.

     Тәуелсіздік! Қандай киелі сөз! Ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт аңсап өткен киелі сөз! Осы Тәуелсіздік жолында құрбан болған боздақтарымыз қаншама?! Міне осындай ұлтжанды, батыр азаматтарымыздың арқасында 25 жылдан бері тәуелсіз, бейбіт, егемен елміз. Көк аспанымызда қыранымыз қалықтап, әнұранымыз шалықтап, бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан көп ұлтты елміз. Осындай игі шараға І.Қабылов атындағы №12 орта мектеп оқушылары қатысып, Тәуелсіздік алу жолындағы тарихымызға шолу жасалынды.Теңдігіміздің қандай ерлікпен келгенін жүрекпен сезіне білді.

      Шара соңында «Тәуелсіздік – азаттығым бақ күнім» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.


 

 

 

 


 

09 желтоксан 2016 ж. 15:44
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: