«Сырға толы-сырлы ақын» (жыр кеші)

     Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жыр дүлділі Әбділда Тәжібаевтың шығармашылығына арналған «Тәжібаев оқулары» жыл сайын өткізіледі.

     9 ақпан күні «Тәжібаев оқулары» аясында балалар әдебиет бөлімі «Сырға толы- сырлы ақын» атты жыр кешін ұйымдастырды.

     Мақсаты: Әбділда Тәжібаевтың өмірі мен шығармаларын жас ұрпаққа таныстыру, ақын өлендерінің мәні мен мазмұнына тоқталып, мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіру, рухани танымын кеңейту.

     Жыр кешіне №140 орта мектеп, №12 І. Қабылов атындағы орта мектеп оқушылары , «Рауан» интелектуалды шығармашылық клубының белсенді мүшелері қатысты.

     Оқушылар Әбділда атамыздың өмірі мен шығармашылығына тоқталып, өлеңдерін жатқа оқып, ақынның өлеңдеріне жазылған, туған жер Отан туралы әндер шырқады.

     Ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған слайд көрсетілді.


 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

09 ақпан 2017 ж. 16:08
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: