«Ел мүддесімен ұштасқан жолдау» Кітап көрмесі

    2017 жылдың 9 ақпан күні Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Елбасымыздың 31 қаңтар күні жариялаған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты кезекті жолдауын талдау аясында, мерзімді басылымдар секторында «Ел мүддесімен ұштасқан жолдау» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.

   Қазіргі кезде әлемде өркениетті мемлекеттер дамудың демократиялық үрдістерін одан әрі тереңдетуге ден қойып отыр. Соның нәтижесінде бұл үрдіс жылдан-жылға тамырын терең жайып келеді. Әлбетте мұндай өзгерістер мен жаңғыртуларда Қазақстанда тыс қалмақ емес.

   Елбасымыздың ең жақсы жоспар – уақыт талабына бейімделе алатын жоспар деген сөзі бар. Мемлекет басшысының аталған қағидаты қашанда назардан тыс қалған емес. Кешегі Үндеу жолдары да осы көзқараспен үйлесім әрі үндестік таба алады. Елбасы айтқандай, заманның дидары өзгерді. Қоғамдық құндылықтар терең өзгерістерді бастан кешуде. Солай екен деп мемлекет басшысының сарабдал саясатының арқасында еліміз дағдарып отырған жоқ. Бір сөзбен айтқанда, межесі – анық, мақсаты – айқын.

   Кітап көрмесінде оқырмандарға «Жолдаудың 5 негізгі басымдығы», «Маңызды кешенді 3 міндет» айқын көрсетіліп, әр тармаққа сараптама жасау басты мақсат болатын. Осы мақсат шеңберінде Жолдау студент жастар арасында насихатталды.


 

 


 

09 ақпан 2017 ж. 18:35
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: