KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Жастық шаққа өнер тән, өнерлінің ісі сән»

     19 мамыр 2017 жылы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Жастық шаққа өнер тән, өнерлінің ісі сән» атты шеберлік сабағы ұйымдастырылды.

     Халқымыздың дәстүрінің озық үлгілерін кейінгі ұрпаққа жеткізіп, бүгінгі кәдемізге жаратып, ілгері дамытып отыру борышымыз.

Сондықтан ұлттық құндылықтарымыздың дәріптеп, бағалай білуіміз қажет.

    Шараның мақсаты: бүгінгі жас ұрпақты өз халқының өнегесіне, әдет-ғұрпына сай еңбекқорлыққа, жан-жақты икемділікке, іскерлік пен шеберлікке баулу.

   Шеберлік сабағын өткізуге №2 Мұрагер мектебінің технология пәнінің мұғалімі Р.Әнжанова, М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері М.Сапар шақырылды.

     Сабақ барысында жастарға биссермен жұмыс жасау, кестелеу,тоқу өнерінің қыр сырымен бөлісіп, жұмыс істеу әдістерін үйретті.

Қатысушыларға салт- дәстүр мен әдет ғұрыпты дәріптейтін шеберлер қолынан шыққан жұмыстарынан көрме ұсынылды.


 

 

 

 


 


20 мамыр 2017 ж. 11:07
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x