Саяхат18 қараша күні Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханаға №7 орта мектептің 3 «А» сынып оқушылары сынып жетекшісі Гүлмира Төлепбаевамен бірге қонаққа келді. Балалар кітапхананың барлық бөлімдерінің жұмысымен танысты. Әсіресе Әбділда Тәжібаев мұражайын аралағанда балалардың қызығушылығы артып, ақынның өлеңдерін жатқа оқып берді. Өнер бөлімінде осы кітапхананың домбыра үйірмесіне қатысушы Бөкенбайқызы Жанерке сыныптастырына арнап халық күйі «Кеңесті» тартып берді. Балалар бөлімінде өздерінің оқыған ертегілері бойынша викториналық сұрақтарға жауап берді. Бұл күн балаларға өте жақсы әсер қалдырды. |
Гости12
Роботы34
Список пользователей
SungKS
Был(a) в сети 1 час назад
Айнура Джаулбаева
Был(a) в сети 11 часов назад
bolgupittay517
Был(a) в сети 21 час назад
Кітапхана тарихы
Кітапхана алғаш рет 1867 жылы Перовск қаласында (қазіргі Қызылорда) Ақмешіт уезінің әскери бекінісінің халқы үшін ашылды. Кітапхана Ресейдің қалаларынан революциялық қозғалысқа қатысқаны үшін патша үкіметінен жер аударылған озық прогрессивті ойлы адамдармен ұйымдастырылды. Кітапхана...
Толығырақ