KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Туған жер – тұнған тарих» Танымдық кеш

       Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау мақсатында  «Қазақстанның киелі жерлер географиясы» жобасы аясында 2018 жылдың  18 қаңтар күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Туған жер-тұнған тарих» атты танымдық кеш ұйымдастырды. 

        Қазақстандағы жалпыхалықтық маңызы бар 100 нысан тізіміне облыстан 12 нысан таңдалып алынды. Олар «Ірі орта ғасырлық қалалық орталықтар және Қазақ хандығының астаналар» санатына жататын Жанкент, Сығанақ, Шірік Рабат және Жент қалашығы. «Діни және ғибадат орындары» санатына Оқшы ата, Қорасан ата, Төлегетай-Қылышты ата кешенді мазары, Бегім Ана мұнарасы, Қорқыт ата мемориалды кешені, Бұқарбай батыр кесенесі мен Жанқожа батыр мазары және Қызылорда қаласындағы Христос Спаситель шіркеуі туралы кеш барысында сөз етілді.

      Шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің  Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Мыңжасов Нұрлыбек Кәрбозұлы, «Рухани жаңғыру» орталығының «Рухани қазына» бөлімінің  басшысы            Қосанов Серікбай Қылышбайұлы, облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкерлері Әлжан Төремұрат, Оразалиева Гүлжанар қатысты.



 
18 қаңтар 2018 ж. 16:41
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x